Әлемнің ең прогрессивті елдері рейтингінде Қазақстан 76-орынды иеленді
Жуырда әлеуметтік прогресс деңгейі бойынша әлем елдерінің 2016 жылғы рейтингісі жарияланды. Бұл тізімде қажетті 100 балдың 63.86-сын жинаған еліміз былтырғы орнынан жеті саты ілгерілеп, 76-орынға ие болды.
Сарапшылар елімізде адамға қажетті базалық сұраныстарды қамтамасыз ету деңгейін есепке алған. Алайда, елімізде жеке бас пен азаматтық еркіндік, денсаулық сақтау сапасы, жеке бастың қауіпсіздігі жағы төмен, деп мәлім етті krisha.kz.
Бұрынғы кеңестік одақ елдеріне келер болсақ, Украина 63, Беларусь 66, Ресей 75, Қырғызстан 79, Тәжікстан 94-орында.
Алдыңғы орындарды Финляндия, Канада, Дания секілді елдер еншілеген. Бұл елдерде әлеуметтік ілгерлеу индексі өте жоғары (89-90 балл аралығында). Сондай-ақ экологиялық тұрақтылық жағынан салыстырмалы түрде төмен балға ие. Рейтингінің соңында Чад (131-орын), Ауғанстан (132 орын) және Орталық Африка Республикасы (133-орын) тұр. Айтпақшы, Қытай бұл тізімде 84-ші орынды иеленген.