Еңбектің көзін тапқан...

Еңбектің көзін тапқан...

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Халық даналығында айтылған осы ұлағатты сөзді ісімен дәлелдеп жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – талмай еңбек етіп, істің көзін тапқан кәсіпкер, қазығұрттық Нұрлан Құралов.

 

Бүгiнде ауыл шаруашылығының сан-салалы қыр-сырын меңгерген табысты кәсiпкердің Оңтүстік Қазақстан облысында 150 гектар жүзiмдiгi мен 500 гектар бауы бар. Онда интенсивтi технология бойынша түрлi жемiстердің көшеттері арнайы тұқымбақта өсіріліп, бүгінде қожалық иелері шетелдiк көшеттерге мұқтаждықтан арылды.
Кәсіпкер Үкiмет тарапынан берiлiп жатқан арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш, субсидиялар корпорацияның өсіп, өркендеуіне, күш-қуатының бүгiнгi деңгейге жетуiне көп көмегiн тигiзгенiн жасырмайды. 2008 жылы 10 гектар алқапқа жүзiм еккен. Кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет есебiнен өтелiп, сол қолдаудың арқасында бүгiнде бау егiп, жүзiм шаруашылығын дамытып отыр. Жалпы, бағбандықты кәсiпкер өзiнiң атакәсiбi деп бiледi.
Кәсiпкердiң айтуынша, қарқынды бау, жүзiм шаруашылықтарының өзге егiндерге қарағанда табысы молдау. Бiрақ бұл агробизнес қаражатты көп қажет етедi және қайтарымы бiрден болмайды. Осыған қарамастан ол иелiгiнде суармалы жерi бар шаруаларды қарқынды бау егуге шақырады.
«Бiздiң экспортқа жемiс-жидек шығаруға толық мүмкiншiлiгiмiз бар. Өйткенi, Оңтүстiк Қазақстан облысының табиғи-климаттық ерекшелiгi соған сәйкес келедi. Топырағы құнарлы, суы таза, күн шуағы мол», - дейді өзі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста