«ҚазТрансГаз» АҚ «НұрОтан»партиясыменбірлесіп, газдандыру мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырды

«ҚазТрансГаз» АҚ «НұрОтан»партиясыменбірлесіп, газдандыру мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдау ұйымдастырды

Кеше Атырау қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, өңірдегі газдандыру мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырды


Атырау қаласының тұрғыны Меруерт Қадырғалиеваны қызықтырған газ есептегіш құралдарын тексеру мерзімі - көп қойылған сауалдардың бірі болды. "Газ есептегіш құралының паспортында құрылғыны пайдалану мерзімі 8 жыл деп тұр, газ қызметкерлерінің айтуы бойынша біз неге әр бес жыл сайын тексертуіміз керек?" - дейді абонент. Газ есептегіш құралын шығарушы ел (көбіне Ресей, Германия) өз заңнамасына сәйкес, құрылғы паспортына пайдалануға 8-10 жыл жарамды деп жазады. Алайда, елімізде газ есептегіштерді пайдалану мерзімі қазақстандық стандартқа сай жүргізіледі. Оған сәйкес, әр 5 жыл сайын газ есептегіш құралы тексерістен өтуі тиіс.


Тағы бір атыраулық тұрғын Рысты Күренова қолданған газ үшін төлеу терминалдарының комиссия үшін ұстайтын ақшасының көптігіне алаңдаушылық білдірді. Пайдаланылған газ үшін төлем жасағанда терминалдарға артық ақша төлегіңіз келмесе, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Атырау өндірістік филиалының Досмұхамедов көшесі, 4-үйдегі мекен-жайына барып, мекеме кассасына төлеуіңізге болады. Сол жерде қосымша тағы қай жерге комиссиясыз төлейтініңіз туралы ақпаратты ала аласыз. Міне, өз сұрақтарына осындай нақты, тиянақты жауап алған атыраулық тұрғындармен кездесулер алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табады.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы мен «Газ саласы ардагерлерінің республикалықкеңесі» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері тұрғындар және кәсіпкерлермен өткізген кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын да талқылады. Мақалада айтылған жайттардың күнделікті өмір көріністерімен астасып жатқанын бүгінгі кездесу барысы көрсетіп берді. «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ төрағасы Павел Климовтың айтуынша, бүгінгі таңда "ҚазТрансГаз" АҚ абоненттерге көгілдір отынның тұрақты әрі үздіксіз жетуі үшін барлық мүмкіндікті жасап отыр.
Тұрғындардың газ сұрақтарына келгенде құқықтық сауатын ашу мәселелері, газ нарығын пайдаланып, өз қамын жеген түрлі бірсәттік фирмалардың да қаптап кеткені нақты мысалдармен айтылды. ҚТГА Атырау өндірістік филиалының директоры Мақсұт Әбуовтың айтуынша, үйдегі газ жабдықтарын тексеруге келісім шарт жасау керек, оған ақша төлеу керек, өйтпесе, газдан ажыратамыз деп қорқытып, алдап, қаржы жинаудың соңында жүрген фирмалардан сақ болу керек. Ондайлар келгенде, құжаттарын, қандай жұмыстар атқаруға рұқсаты бар-жоғын анықтайтын қағаздарын тексеру қажет.
Ұйымдастырылған шаралар барысында «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ өкілдері «ҚазТрансГаз» АҚ қолдауымен газ саласын өзінің мамандығы ретінде таңдаған жастармен шеберлік сағаттарын өткізіп, Атырау қаласындағы диспетчерлік нысандарды аралады.
Бүгінде Атырау облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының газ тарату жүйелерін қалпына келтіру және қолданыстағы активтерін қолдауға бағытталған 2016-2020 жылдарды қамтитын инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Қазіргі күні облыстың 90%-ға жуығы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста