Ақынға батыр төсбелгі тақты

Ақынға батыр төсбелгі тақты

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті грантының иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Ыбыраев Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Елбасының Жарлығымен берілетін бұл мәртебелі атақты кеше Жазушылар одағында Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов табыс етті.
Ақын Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Жамбыл пе­да­го­гикалық институтын бітірген. 2002 жыл­дан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақ­стан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио кор­по­рациясында редактор жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші болды. Бүгінде Қазақстан Жазу­шы­лар одағы басқарма төрағасының орын­басары қызметін атқарып келеді. «Ай-Нұр», «Ай» өлеңдер жинағы, «Кен­тавр» кітабы жарық көрген. Сонымен бірге «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан тол­қын туады», «2000 жылдық дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжым­дық жинақтарға өлеңдері енген. Еліміздегі бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері атанған.
Бақытбек СМАҒҰЛОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Тәуелсіздік мерекесіне орай елдікті жырлаған, ерлікті жырлаған өр Маралтайға Елбасымыздың қолы қойылған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы беріліп отыр. Бұл Жазушылар одағының ұжымына, аға буын, орта буын, жас буын ақындардың барлығына зор қуаныш деп ойлаймын. Ауған соғысы ардагерлерінің барлығы, майдандас достарымыз Маралтайдың еңбегін жақсы білеміз, бағалаймыз. Сондықтан біз Маралтай бауырымызды қандай да болсын, атаққа лайық деп бағалап, ұсыныс жасаған болатынбыз. Қалай десек те, халыққа еңбегі сіңген азаматтар ұлықталуы керек. Сол үшін елім деп, жерім деп соққан жүрегін әрдайым жылытып жүрсін деген оймен ақын бауырымыздың кеудесіне төсбелгі тақтық. Кезінде Баукең де еркелеп, Мұқағалидың алып денесін құшақтаған кездері болған. Сондықтан батыр мен ақын пышақтасып емес, құшақтасып жүруі керек. Маралтайды мен бір кезеңнің, бір ғасырдың ақыны деп есептеймін. Ақын бауырыма халықтың рухын көтерер жырлары көп болсын деп тілеймін.

Маралтай ЫБЫРАЕВ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
– Қазақтың батыр ұлы Бақытбек ақын бауырына Елбасының қолы қойылған атақты тапсырып отыр. Бұл – мен үшін үлкен құрмет, зор жауапкершілікті жүктейді. Бұл еңбегімнің еленгені, жазған-сызғандарымның халықтың жүрегіне жеткенінің белгісі деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста