Әлем саясаткерлерінің Елбасы туралы лебіздері
Жак ШИРАК, Франция Республикасының Президенті:
– «Мен әрқашан біздің кездесулерді соншалықты сүйсіне еске аламын. Франция 1991 жылдан бергі Қазақстанда болған өзгерістерді маңызды және шешуші ретінде бағалайды. Сіздің еліңіз мемлекет құрылысының қайтып айналып келмейтін жолына түсті, ал ол өзінің ұлттық құндылықтары мен ежелгі тарихына деген сенімділігімен қатар, демократияның жалпыадамгершілік қағидаттары мен құқықтық мемлекеттің жолын қуатынын мәлімдейді. Қазақстан тұрақты институттары және серпінді экономикасы бар елге айналды.
Сондай-ақ ол өңірлік және халықаралық деңгейлердегі жауапкершілікті сезінетін әлемдік қауымдастықтың мүшесі болды, мұның өзі Сіздің көптеген бастамаларыңызды айғақтайды, соның ішінде АӨСШК-ні шақыру жөніндегі, діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамыту жөніндегі, бұлар жөнінен Франция қашанда ынтымақтастығын білдіреді. Қазақстан айтарлықтай жолдан өтті, оған ол шын мәнінде мақтана алады.
(Н.Назарбаевқа хаттан, наурыз, 2005 ж.)
Ариэль ШАРОН, Израильдің экс-премьер-министрі:
– Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев! Халықаралық қауымдастық үшін маңызды сағатта, Сізді экстремизм мен терроризмнің барлық нысандарымен күрес жолын ұстануыңызды қуаттау мақсатында өңірдің көшбасшыларын бірге жинап ала алғаныңыз үшін қошеметтеймін.
Сіздің әртүрлі діни сенімдегілер арасында диалогты қолдау жөніндегі жеке күш-жігеріңіз, діннің дау-жанжал емес, бітімгершілік жолына қойылатындығына үміт артуға негіз береді. Біз қараңғылық күштеріне қарсы күресте бірігуге батыл бел байлауымызбен өз елдеріміз үшін және біздің ұрпақтарымыз үшін жақсы болашақты кепілдендіруді қалаймыз.
(Құттықтау жеделхатынан, 13 ақпан, 2003 ж.).
Ислам КАРИМОВ, Өзбекстан Республикасының Президенті:
– «Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихындағы өзгерісті кезеңде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар үдерістеріне басшылық жасаған көрнекті мемлекеттік қайраткер ретінде біледі.
Өзбекстанда Сізді өзбек-қазақ қарым-қатынасының серпінді дамуына қосқан үлесін дәріптемеу мүмкін емес, біздің халықтың шынайы досы ретінде біледі.
Біздің мемлекеттер мен халықтардың қарым-қатынасы қашанда тарихымыздың, тіліміздің және дініміздің жақындығына негізделді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүреміз де және мәңгі бірге өмір сүретінімізге сенімдімін. Біздің халықтарымыздың ерік-жігерлері, армандары мен ой-ниеттері жан-жақты өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту үшін сенімді іргетас бола алады.
Өткен жылдар біздің ортақ мақсатымыз бейбітшілікті, тұрақтылықты және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған серіктестігіміздің Өзбекстанның да, және Қазақстанның да мүдделеріне жауап беретіндігін көрсетті».
(Құттықтау жеделхатынан, 4 шілде, 2000 ж.).
Эмомали РАХМОНОВ, Тәжікстан Президенті:
– «Ашықтық, шынайылық,тартымдылық және адамсүйгіштік – мұның барлығы да Нұрсұлтан Әбішұлына тән қасиеттер. Қазақ халқының, елдің халықтардың тарихтың алдындағы өзінің жоғары жауапкершілігін сезінушілік сезімі оны ешқашанда тастамайды. Ұлы ұйымдастырушы Қазақстанды посткеңестік кеңістіктегі дамыған мемлекеттердің біріне айналдыра алды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары үлгі аларлық. Тек шынайы көшбасшы ғана мұндай нәтижелерге жете алады, бұл орайда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз көшбасшысы. Ол ТМД-дағы және халықаралық қауымдастықтағы беделді саясаткерлердің бірі болып лайықты саналады.
(«Казахстанская правда» газетіндегі сұхбаттан, 6 қазан, 2004 ж.)
Ильхам ӘЛИЕВ, Әзірбайжанның Президенті:
– Қазақстан Басшылығының өңірдегі бейбіт өзара іс-қимылға бағытталған дәйекті де дана саясаты, көп жағдайда онда қауіпсіздікті сақтауға ықпал жасайды. Қазақстан әлеуетін мүмкіндігінше арттыру арқылы қуатты елге айналды. Сондықтан оның өңірлік сипаттағы мәселелерді шешудегі рөлі мен мәні арта түседі, және бұған біз тек қуанатын боламыз».
(Қазақстанға мемлекеттік сапар барысында баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінен, 1 наурыз, 2004 ж.)
Михаил СААКАШВИЛИ, Грузия Президенті:
– Біз үшін Сіздің елмен көпқырлы және өзара тиімді қарым-қатынастарымызды дамытудың қаншалықты маңыздылығын айта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы тағы да бір рет Грузияның Сіз сияқты сенімді досы және серіктесі бар екендігіне қанағаттанарлық сезімімізді білдіре кетсем деймін. Қазақстан ойдағыдай жүріп өтті және бүгіндері өсімнің таң қаларлық қарқынын көрсетуде. Бұл – сіздердің тарихтарыңыздың алтын кезеңі. Одақтық мемлекеттің ыдырауы алдында бұрынғы кеңестік республикалардың арасындағы халықтың тұрмысы бойынша соңғы шептердің бірін алып келген ел, бүгіндері көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша сенімділікпен көшбастауда. Қазақстанның табыстарын Н.Назарбаевтың саясатымен байланыстырамын. Өз елін немерелері мен шөберелерінің игілігі мен үлкен жетістігіне айналдыратындай қылып құру үшін 100-200 жыл алға көз жіберетін адамдар бар.
(Н. Назарбаевпен келіссөз аяқталғасын баспасөз-мәслихатында сөйленген сөзден, Астана, 31 наурыз 2005 ж.)