«Самұрық-ҚазынаФармация» қордаланып қалған көп проблеманы шешпек
Ерасыл Әбілқасымов, медицина ғылымының докторы:
– Қазақстанда сәтті жүзеге асып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар баршылық. Соның бірі деп «Самұрық-ҚазынаФармация» компаниясын айтар едім. Компания құрылғалы бері отандық фарминдустрия хал-ахуалы қалыпқа түсіп, қордаланып қалған көп проблема түйіні өздігінен шешіле бастады.
Еліміздің фармацевтика саласын дамытуды, дәрі-дәрмектердің қазақстандық үлес салмағын арттыруды және дәрілік тауарларды жеткізуде бірыңғай дистрибютер енгізу қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған болатын. Соның негізінде 2009 жылдың бас шенінде Үкімет қаулысымен «Самұрық-ҚазынаФармация» компаниясы құрылады.
Бір айта кетерлігі, отандық дәрі-дәрмек тауарларының 70 пайызын өзімізде өндіруге міндет қойып отырмыз. Бүгінгі күні онға жуық зауыт ашылды. Аталған компанияның ең тиімді жері – дәрі-дәрмекті мемлекеттік сатып алулардағы бірыңғай дистрибютерді енгізу нәтижесінде бюджет қаражаты 40 пайызға үнемделгенінен хабарым бар. Жалпы, бірыңғай сатып алу дистрибютері еліміздің ішкі нарығының қамту деңгейін арттырып қана қоймай, бүкіл аймақтар бойынша теңгерімді баға саясатын қалыптастырмақ.