Кеңес одағы «азапханасының» жабылғанына – 50 жыл

Кеңес одағы «азапханасының» жабылғанына – 50 жыл

Әйгілі «Тазша бала» ертегісіндегі «қан сасыған хан сарайы» деген жолдар естеріңізде болар. Сондағы бетіне қарсы келгеннің басын кесіп, ордасына кірер жолға қатарынан іліп қойған ханды қалай жек көруші едік. Сөйтсек, адамның жанын қинамай, бірден өлтірген ханнан айналу керек екен ғой. Неге?

Себебі нағыз жауыздық, қанішерлік дегенді кейіннен Кеңес Одағы деп аталатын алып империяны тек қана жазалау лагерьлерінің күшімен   ақылды мен білімдінің, жүректі мен білектінің бәрін сонда адам айтқысыз азапқа салу, атып тастау арқылы тырп еткізбей басқарған Сталин нағыз қасаптың қандай  болатынын көрсетті.

Кеңес одағының әртүрлі өнеркәсіпті өңірлері, сонау Қиыр Шығыс, солтүстігінен бастап, Мурманск, Колыма, біздің Қазақстанның Қарағанды шахталары, Жезқазған кен орындары Балқаш мыс зауыты түгелімен жазықсыз тұтқындарды азаптайтын лагерьлер қызметін атқарды. Былайша айтқанда, Сталиннің «қасапханасы» еді...

Кезінде  Қазан төңкерісі, азамат соғысынан кейін большевиктерге қарсы болған партиялардың мүшелері, ұлт-азаттық қозғалысқа қатынасқандар, мысалға алғанда, Қазақстандағы Алашорда секілді ұлттық республика құрғысы келген, тәуелсіздікке бастаған тұлғалар мен топтарды, зиялыларды түгел тоғытқан жазалау лагерьлерін бір сөзбен ГУЛАГ дейтін еді ғой.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ауқымы кеңейтіле берген сол лагерьлердің бір кездері жалпы саны 63-ке дейін жетіпті. Барлық мерзімде онда 2 миллион 400 мыңдай адам жазасын өтеген екен. Соның басым бөлігін 58-бап, яғни «халық жауы» деген айыппен жазықсыз сотталғандар құраған.

Содан кейін осынау лагерьлерінің аранын ашып, тесік өңешін толтырған кезең соғыстан кейінгі тұтқынға түскен жауынгерлер, фашистердің оккупациясында қалған саяси сенімсіз адамдар болыпты. Адамның қанын судай ағызу, жанын бір-ақ оқпен қия салу секілді жауыздық тек 1953 жылы Иосиф Виссарионұлы қайтыс болғаннан кейін басыла бастады.

Лагерьлердегі жазаланушылар біртіндеп бостандыққа шығарылып, араға жеті жыл салып жалпы жазалау лагерьлері біржола жабылады. Бұл 1960 жылдың 25 қаңтары болатын. 

Қайдар АЛДАЖҰМАНОВ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкері, тарихшы:
– 1954 жылдан 1960 жылға дейінгі аралық ГУЛАГ-тың ең соңғы құлдырау кезеңі болды. Себебі Сталин қайтыс болғаннан кейін сталинизм, тоталитаризм әлсірей бастаған-ды.

Тұтқындарға рақымшылық жасалып, біртіндеп бостандыққа шығарды. Түркістан легионындағылар, «халық жауы» деп айыпталғандар 1956 жылы ақталып шықты да, тек РОВА деген болған, яғни генерал Власов басқарған орыстардың азаттық армиясы, соларға ғана ешқандай кешірім жасалмады.

Себебі оның құрамындағылар бұрынғы ақ эмигранттар, криминалдық элементтер болатын. Осылай біртіндеп «тоң жібіп», 1960 жылы жазалау лагерьлерінің жабылуы заңды, логикалық түрде жүзеге асты.

Біз атын айтуға да шошитын осынау азап лагерьлерін өз көзімен көріп, адам айтқысыз азаптарға төзіп, кісі қолымен жасалған «тозақтан» аман-есен оралғандардың көбі бүгінде бақилық болған. Қатары сиреп қалған көзі тірілердің ішінде сол кез жайлы таяуда ғана кітап жазып шыққан бір жан бар.

Ол – 50-жылдары «базардағы әйелдер біліп жүрген соғысты Сталин қалай кенеттен болды дейді?» деген бір ауыз сөзі үшін тұтқынға алынып, 10 жыл бас бостандығынан айырылған, содан тағы бес жыл азаматтық құқығынан айырылған Федор Яковлевич Осадчий.

Федор Яковлевич ОСАДЧИЙ, жазушы:
– Сталиннен өткен жауыз адам болмаған шығар?.. Соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, халықты қорғап қалған 440 мың офицерді «халық жауы» деп атып тастаған Сталин емей, кім? Олардың барлығы Сталинге имандай сенді ғой!

Соның бірі – бір ауыз сөз үшін 10 жылға кесілген өзім. Қанша рет жарақат алып, жаудың оғына кеудемізді төсегендегі көрген «жақсылығымыз» сол болды. Тіпті қазір сан жылдар өтсе де, есіме алсам, алқымыма өксік тығылады.

ГУЛАГ басқа емес, бейкүнә жандарды азаптау үшін Сталиннің қолымен жасалған каторга болатын. Ол сонда миллиондаған адамдардың тағдырын күл-талқан етті. Сондықтан мен үшін одан асқан қанқұмар жендет жоқ.

Басқаны айтпағанда, Алжир менен КарЛАГ десе, әлі күнге тіземіз дірілдеп, көз алдымыз буалдыр тартады. Себебі ол кез келмеске кетті, Алжир көрген әжелеріміз бен КарЛАГ көрген қарттарымыз дүниеден өтті десек те, кеудемізде әлі сол кездің сызы жатыр.

Қайта бүгін Тәуелсіз ел болып, тарихымыздың қанды беттерін парақтап, талай сұмдықты таразылап жатырмыз. Бірақ әлі де ашылмаған құпиялар жетерлік. Соларды ашу, сөйлету алдағы күндердің еншісінде...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста