Елена Рыбакина жартылай финалда жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреалында өткен WTA 1000 турнирінен кейін әлемдік рейтингідегі орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Шредингер спорты» Telegram-каналына сілтеме жасап жазды.
Әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жексенбі күні түнде Монреальдағы турнирдің жартылай финалында әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады.
Рыбакина Людмила Самсоноваға қарсы бірінші сетте 6:1 есебімен жеңген еді, бірақ кейін 1:6 және 2:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдегі жарысын аяқтады.
Ал 24 жастағы Самсонова үшін бұл мансабындағы ең сәтті турнир және осы жеңістен кейін Ресейдің алғашқы ракеткасы атанды. Ол 6 орынға көтеріліп, әлемнің 12-ракеткасы болды.
Е.Рыбакина әлемдік рейтингідегі 4-ші орнын сақтап қалды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz