Рыбакина ширек финалға шықты
Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 11-жеңісі.
Енді ол турнирдің келесі кезеңінде дүниежүзінің 25-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсеткенін хабарлаған едік. Ол 2022 жылғы "Уимблдон" турниріндегі жеңісінен кейін сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген. Елена Рыбакина сол уәдесінде тұрып, қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 миллион теңгеден сыйлады.