53 отбасының бүгінгі тағдыры ешкімді қызықтырмайды

КҮНДЕЛІК
Қазақтың әсіре белсенділігінен қорқамын. Қордайдағы қақтығыс кезінде "қоқаңдағандардың" бірі жоқ, қазір... Сол іске қатысты істі болған 53 адамның, яғни 53 отбасының бүгінгі тағдыры ешкімді қызықтырмайды. Олар ертең сотталып кетсе де былқ етер пенде жоқ. Енді кешегі белсенді Бақытбек Смағұлдарды емге де таппайсыз.
Мен әсіреұлтшыл емеспін! Сондықтан да ұлтаралық қақтығыс, қантөгіс болғанын қаламаймын. Ақыры болған екен, алдымен сол қақтығысқа кінәлілер жазалануы керек емес пе?
Бұл Қордайға ғана қатысты кеп емес. Кез-келген даудың соңына келгенде көптің боғы сұйылып кететініне нала болам.
Бір идеяда тұрақтап соңына дейін тұру, қазаққа қашан нәсіп болар екен?
06.12.2020
Қанат Әбілқайыр
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу