8-сыныптағы қыз жүкті болса, келінің көкбет болып шықса, жау қайдан келді демеңіз

Оян қазақ! Қазақ жастарын рухани аздыру, топастандыру саясаты қарқынды жүріп жатыр. Елімізде қазақты түп-тамырымен құртуға жұмыс жасап жатқан «Salem Social Media» деген азғындардың тобы бар. Негізгі бағыттары бейнероликтер, қысқаметражды фильмдер түсірумен айналысады. Түсірген фильмдерін көрсең құсқың келеді. Ең өкініштісі барлығы да қазақ тілінде түсіріледі. "Қайрат болма адам бол," "ЧЗХ" "Қазақша стендап" деген сияқты былапыт сөздерге толы бәлелерді көптеп ұсынып жатыр. Бұл залымдар кіші сыныптың оқушысына арналған жеңіл роликтерден бастап, студент жастарға дейін жастардың жас ерекшеліктеріне әдейі арнап түсіреді екен. "Тақырыптары: Зинақор жігіттер, тәрбиесіз, алқаш қыз, нашақор студент, түнгі клуб, төбелес, ішу-шегу, үлкеннің тілін алмау, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан қазақ жастары. Әрбір көрілімдері миллионнан асады. Негізгі көрермендері оқушылар мен студенттер. Құдай бетін ары қылсын, егер 5 сынып оқитын қыз айтып ауыз бармайтын боқтық сөздерді жиі қолдана бастаса, 8 сыныптағы қыз жүкті болса, студент ұлы алқашқа айналаса, ұлың нашақор, келіп түскен келінің көкбет болып шықса, жау қайдан келді демеңіз. Барлығы да осы киносымақтардың жемісі.
Өте қомақты қаржы болмаса бұндай жобаларды жасау мүмкін емес. Ал ауылдан кеше келген қазақтың студент жастарында бұл қаржы қайда келеді? Азғана тиын тебен үшін абыройын сатып, сасыған фильмсымаққа түскендеріне мәз болып жүрген қазақтың қыз-жігіттеріне тоқтау салатын кім бар?
Мен бұлардың тамыры еврейлерге, массондарға, Машкеевич деген залым олигархқа барып тірелетінін түсіндім. Бар мақсаттары қазақ тілді қазақ жастарын топастандыру! Мыналардың жанында «Қалаулыммен» жылап көрісуге болады.
Қазақстанда осындай бағытта бейәдеп фильм, бейнеролик түсіретіндерді қатаң жазалайтын заң қажет. Ағайындар ояныңдар! Мыналар қазақтың нағыз жаулары! Бұндай жобалардың жабылуына күш біріктірмесек кеш қаламыз.
Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан





