"Әй, Жүрсін, осы біз емшектен тым ерте шығып кеткен жоқпыз ба" депті.

Бірде Жүрсін Ерман мен Көпен Әмірбек екеуі "жас болса келді, әлгі "ащы су" бізге риза шығар, енді қояйық" деп келіседі. Қонақ көп, шақыратын жер көп. Біраз уақыт өткеннен кейін екеуі тойда кездеседі.
Той болған соң бәрі болады. Оймақтай рюмкаларға небір қымбат шараптар сәндеп тұрып құйылған сайын қос құрдас бір-біріне қарайды екен. Бірақ сөздеріне берік, ішпей отыр.
Кезекті бір құйылыстан кейін Көпекең Жүкеңе бұрылып: "Әй, Жүрсін, осы біз емшектен тым ерте шығып кеткен жоқпыз ба" депті.
Сол айтқандай біз осы әлгі жойқын қаруымыздан тым ерте бас тартып қойған жоқпыз ба? Украинаның жағдайы соны көрсетіп отыр. Бомбаңды бере қой, қауіпсіздігіне біз-ақ кепіл боламыз деген алыптар жеме-жемге келгенде "айыптаймыз, қарсымыз" сияқты құр сөздермен шектелді.
Фейсбуктегі парақшасынан





