Әлиханды да, Ахметті де, Міржақыпты да қазақтың өзі арыз жазып ұстап берген кезінде

Репрессия кезінде «халық жауы» ең көп шыққан халықтың бірі – қазақ екен. Сол кездегі интеллигенция бірін-бірі көрсеткен ғой. Бірге жүрген достар, әріптестер, ауылдастар мен ниеттес болған адамдар қалай бір-біріне домалақ арыз жазып, қалай бірін-бірі сатқанын естісең, басың ауған жаққа қарай безіп кеткің келеді. Әлі сол бірінің артын бірі шұқылап келе жатыр. Өткенде бір пост жариялағанмын. Біраз адам бөлісіп, пікір жазды, біреулер бірінші рет естіп таң қалып отыр. Әлиханды да, Ахметті де, Міржақыпты да қазір басына көтеріп отырған қазақтың өзі арыз жазып ұстап берген кезінде. Олардан ұрпақ қалған жоқ. Есесіне соларды ұстап бергендердің ұрпағы билікте отыр. Олардың атын атап тұрып жазатын болсаң, басың пәлеге қалды дей бер. Көп шындықтың ашылмай келе жатқаны да содан, билікте әлі сол сатқындардың ұрпақтары отырғаннан!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





