Ақсақ қой түстен кейін маңырайды!

Оқиға болған күні жылы төсекте төтенін тыр- тыр қасып ұйықтап жатқан депутат Божко бүгін оянып не деп маңыраған?
Ауылдың жастары бармаса осы уақытта Астана болар ма еді? Елбасымыздың саясаты емеспе еді жастарды солтүстікке көшіру. Сонда Божко елбасы саясатына қарсы шығып тұр ма? Өзге ұлттың келімсектері сыйған Астанаға қара құлдан бетер жұмыс істеп жүрген ауыл жастары сыймай қалыпты ма? Сол қақтығысты əрең басқан жоқпыз ба? Неге енді жабық тұрған жараның аузын тырнап жатыр? Əлде ашуы басылмаған жастардың намысына тиіп елде бүлік шығармақшы ма? Орынсыз сөйлеген Божко отставкаға кету керек. Парламент мінбесі ойына келгенін оттай беретін жер емес! Одан да ауылдан жастар неге кетіп жатыр деп ойланбай ма? Ауылда жұмыс болса қалада жұмыс істеп басын ауыртқаны бар ма?
Айгүл Орынбек
Фейсбуктегі парақшасынан





