Әр келген бастықтың дікеңдегеніне көне беретін уақыт өтті!

Бүкіл бір ауданның 45 мектебін жинап алып, берген тапсырмасын, жоққа шығарып отыр. Ақтап алуға бірнеше мектеп директоры пікір жазды. Онда да, өздеріне сенімсіз. Біреу қуалап алып кіргендей жазып отыр. Бүлдірген адам ғана, ақталады.
Жалпы, келген бастықтар шапанды желбегей жамылып, едіреңдеп келетіні адамның құсқысын келтіреді. Жиркенішті!
Қарапайымдылық жоқ.
Халыққа екі жеңін түріп келіп, жұмыс жасаған басшы көбірек ұнайды.
Әдіскерлерге, әркүні мектепке барып не істеп жатқанын суретке түсіріп келесіңдер деген.... Әр мектепке барып, кез келген сабаққа кірем депті. Жақсы кірсін. Ол үшін алдымен өзі сабақ беріп, әдістемелік тәжірибе көрсетсін! Сабаққа қатсудың өз заңы бар. Мектепшілік бақылаудан, әдістемелік көмек керек деген педагогтің сабағына ғана қатысуға болады. Тек әдістемелік көмек беру мақсатында кіре алады!!!
Тәртіп орнатпақ болған. Осы уақытқа дейін, Талғар ауданы әкімдігі дым істемей отырғандай болған. Жаңа бастық келгенше, мүмкін ұйқтап жатқан шығармыз.
Әр келген бастықтың жаңалығына, дікеңдегеніне, көне беретін уақыт өтті! Құлдық сана— осындай бастықтарды тайраңдатып қойды!
Білдей бір ауданның білімін мойнына алған адам — жұмысты қалай атқаруды білмесе, осымен доғарғаны дұрыс!
Sania Nusipali
Фейсбуктегі парақшасынан





