Астананың әжелері, қатындары, қыз-келіншектері балаларына қазақша сөйлемейді

Астанада соңғы кезде қазақша сөйлеу "очень не удобно" болып бара жатыр екен. Мұны басқа біреулер емес, өзіміздің қазақтар айтып жүр. Осыны өз құлағыммен есітіп тағы да миым шайқалды. Астанада іс қағаздары 100 пайыз орысша. Мысалы, біздің жұмыста қазақша құжаттар мүлдем жоқ. Қазақшалап құжат жасайтын болсаң оның үлгісін жасау қаншама уақытты алады. Оның қазақша нұсқасын қабылдауы екіталай. Астана деген елдің ордасы, барлық қалаларға үлгі болуы керек еді. Бола алмады. Астана елдің приоритеті саналуы керек еді. Бірақ ол да болмады. Бұл қала маған бес, алты адамның қала салып жатқан бизнесі сияқты көрінеді де тұрады. Қазақтың тілінің үлес салмағы артып бара жатыр деп отырсыздар. Бұл өтірік. Керісінше, Астанада тілін ұмытқан, мәңгүрттенген, өзегіне құрт түскен жап жас буын өсіп шықты. Астананың әжелері, қатындары, қыз-келіншектері балаларына қазақша сөйлемейді. Мынаның ертеңін көз алдыма елестетсең, жаның түршігеді. Қайда қазақ тілі? 50 жылға тағы кешігетін болдық. Онан ары қарай не боларын кім білсін...
Бекболат Қаржан
Фейсбуктегі парақшасынан





