Ашықтық пен жариялылық қағидасын мемлекетке де енгізу керек

Астана қаласында туа салғанда балабақшаның кезегінде тұрып қойған досымның баласы қазір 5-ке келді. Сол досым кеше ЦОН-ға барып баласының кезегін білсе әлі 34000 бірдемесінші кезекте екен. Орта есеппен баласы 5 ші сыныпта кезегі жетіп қалатын сияқты. Ал, басқа қаладан көшіп келгеніне бір ай болмаған танысымның баласын 250 000 теңгеге кезегін бірден жылжытып беріпті.
Біздің мемлекетте кез келген кезектің әділ ашық жүрмейтініне күйінесің.
Азаматтар балабақша, жер алу, тағы басқа кез келген кезектегілердің аты-жөнін интернет арқылы біліп отырса ғана әділ болушы еді.
Мысалы: Назарбаев зияткерлік мектебінде жатақхана алу, басқа мектепке ауысу сияқты кезекке күні мен уақытына дейін жазып қояды. Сіздің алдыңызда және сізден кейін кезекте тұрғандардың аты- жөніне дейін интернет арқылы көріп отырасыз. Осындай ашықтық пен жариялылық қағидасын мемлекетке де енгізу керек. Сонда көлденең келген көк атты жолыңыздан кеспеуші еді.
Ерлан Жұрынбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





