Бір бала артық туса, бір ипотека артық алынатынын біледі

Мақаш Тәтімов ағамыз демография мәселесін аз көтерген жоқ. Қайбір жылдары осы ағамыздың «Көк көрпені көбірек бүлкілдетіңдер» деген сөзі афоризмге айналған-ды. «Көрпе бүлкілдетуден» қалыс қалып жатқан ешқайсымыз жоқ-ау. Бірақ, «сақтанып» жүрміз. Кімнен, неден сақтанып жүрміз? Ертеде ата-бабаларымыз жауларынан сақтанса, біз көбеюден, бала туудан сақтанып жүрміз. Өйтпегенде ше?!
Қазіргі жастар «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады» деген құрғақ тәмсілге емес, бүгінгі күнгі өмір шындығына сенеді. Себебі, бір бала артық туса, бір ипотека артық алынатынын біледі. Бір бала артық туса, өзіне емес банктің пайдасына кемі 15 жыл жұмыс жұмыс істейтін бір «құлдың» артық туарын біледі. Сондықтан да көрпесін ұлғайтуға құлықсыз.
Демографиямыз дамып, халқымыз жер бетіне сыймай кетуі үшін Үкімет қандай шаралар қабылдауы керек деп ойлайсыз?
Ержан Тәліп
Facebook-тегі парақшасынан





