Бір-біріңді «арабқұл», «орысқұл», «батысқұл» деп тілдемей, қазақ болуға ұмтыласаңдаршы

Бізде бір кемшілік бар. Өз пікірімізді қорғап қалу үшін қателігімізді мойындамаймыз. Әсіресе, руханият, дін, болмыс мәселелеріндегі пікірталастарда. Мысалы, «мынау нәрсе біздің дінімізге, болмысымызға жат, ол батыстан келген мәдени экспансия десең» қарсы топ атылып шығады. Олар «онда сен Еуропаның киімін киме, телефонын ұстама, компьютерін қолданба, көлігін мінбе, АҚШ-тың фильмдерін көрме, техникаларын қолданба, киіз үйде тұр» деп жағаңа жармасады. Айналайындар-ей, қазақта «Жақсыны көрмекке» деген сөз бар. Батыс болсын, Шығыс болсын олардың игілікті істерін, жетістіктерін, білімі мен техникасын меңгер. Жақсы қасиеттерінен үлгі ал. Есесіне, ұлттық болмысымызға кері әсер ететін жаман әдеттерінен аулақ жүр. Бір-біріңді «арабқұл», «орысқұл», «батысқұл» деп тілдемей, қазақ болуға ұмтыласаңдаршы. Жалпы, қазақы дүниетанымға кері әсер ететін нәрселерге қарсылық білдіріп тұрған жөн. Болмысың мен дүниетанымыңнан айырылсаң, азат ел болуың өте қиын.
Ғабит Сапарбеков
Facebook-тегі парақшасынан





