Ғалым деген сөздің мазмұны өзгерген заманда ғылымыңнан не қайыр

Ғылым күні деп жатырмыз ғой...
Ғалым деген сөздің мазмұны өзгерген заманда ғылымыңнан не қайыр. Ғалымның барлық ерік-жігері ғылым жасауға емес күнделікті нәпақасын табуға жұмсалса, ол ғылымның дамуына емес, тоқырауына әкеледі.
Грант дегенде елең ете қаламыз. Бір оңалатын болдық-ау деп. Ғылыми жобаларға конкурс жариялайды деген кезде бір улап-шулап қаламыз. Бірақ, сол конкурстың қашан болатынын ешкім нақ басып айталмайды. Құрғыр, жазғы халықаралық науқан жақындап келеді деп іштей тынып отыра береміз. Ғылымға деп алғаннан теңгеңді, әлгі жоғарыда отыратындар, календарлық есеп деп желкеңнен шығарса қайтесің. Қазған қазбаңа емес, жазған жазбаңа қарап бағалайтын эксперттер де бар емес пе.
Қойшы. Айлықтың бетін айлап көрмейтін көптеген ғылыми мекемелеріміз бар. Есесіне, ғылымы мен ғалымы жоқ, бірақ қаржысы көп талай "институттарымыз" да баршылық.
Ғылыми кітап жазғаныңа қарай емес, әркімге бір табыстап реклама жасағаныңа қарай, "ғалымның" ел алдына шығып, ғылыммен айналысуға, оқу-тоқуға насихаттайтындардың күні ме деп қаламын.
Жалпы, Ұлы Абай болғанда, Қанышың неге Ұлы болмасқа. Қаныш күні құтты болсын, ғалымдар!
Айбар Касеналин
Фейсбуктегі парақшасынан





