Кімнің бандит, кімнің патриот екенін түсініп көр енді!...

Бүкіл ел аптекадан ең керекті дәріні іздеп таба алмай шарқ ұрып жүргенде, Дикий Арман сонау Түркиядан Алматы облысындағы Кербұлақ ауданына 10 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін беріп жіберіпті. Ол негізі іздеуде жүрген адам. Кербұлақ ауданының әкімдігі риза болып, Арманға сол үшін грамота беріпті. Әкімді сөккенім емес, дұрыс істеген! Кім көмектессе, соныкі дұрыс мұндайда. Фукусимадағы апат кезінде Жапонияда да халыққа ең бірінші болып якудзалары көмектескен. Олардың патриот екені белгілі. Шабадан-шабадан ақшамен шетелге қашып жатқан, мемлекеттік қызметте жүрсе де қалтасын ғана ойлайтын, дәрі-дәрмекті қоймада тығып ұстаған, консулдыққа келген көмекті жарты ай бойы жібермеген кейбір міскіндерге қарағанда, Құдайға қараған жан екен Арман. Кімнің бандит (ұры), кімнің патриот екенін түсініп көр енді!...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





