МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ(ІМІЗ) - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ШАПАНЫ СИЯҚТЫ АЛДАМШЫ ЗАТ

“Ашық” неге тек орыс тілінде? (деп “ашқыштарға тиісейін деп тұрдым да тиіскен жоқпын.
Неге дейсіз бе?
Себебі біз сондаймыз. Ешқайсымызға ештеңе керек емес. Ешкімнің алдында ештеңе талап ете алмаймыз. Өзімізді өзіміз сыйлай алмаймыз.
Ана тіліміз өзге түгілі өзімізге де керек емес. Мемлекеттік тіл(іміз) - қазақтың ұлттық шапаны сияқты алдамшы зат. Оны ешкім тұтынбайды, ешкім өз қажетіне пайдаланбайды. Түк(ке) пайдасы жоқ.
Той-тұмалақ пен түрлі жиындарда бір-бірімізге шапан жапқан боламыз. Ал фотоға түсіп болған соң (дәріханадан қысыла сатып алатын бірдеңе сияқты) шешіп тастай саламыз ғой.
Өйткені күнделікті өмірде оның қажеттілігі шамалы ғана. Тіліміз де сондай…
Намыстанып отырсыз ба (типа)?
Онда неге үндемей жүрсіз, мынау неге мемлекеттік тілде жазылмаған ойбай деп?
Еее де…
Менің ойымша, мұндай мәлімет(тер) қосымша нүктелерді шұқылауды қажет етпей ақ, екі тілде қатар жазылып шыққаны дұрыс болар еді.
Аты ауысқыш қала.
17.11.2021
Серік Абас-шах
Фейсбуктегі парақшасынан





