Менің ойымша, ақын-жазушы атаулыға сыйлық пен марапат беруді тоқтату керек

Жұрттың ақын-жазушылары Нобель сыйлығына таласады. Біздікілер өз үйінде сақаға таласқан .... бала сияқты. Ылғи ыру-дыру.
Менің ойымша, ақын-жазушы атаулыға сыйлық пен марапат беруді мемлекеттік деңгейде тоқтату керек. Әбден ашықсын, сыйлық туралы ештеңе ойламасын. Мүмкін сонда Нобель сыйлығына жақындап қалармыз.
Қазақстанда кітап жазып қомақты ақша тапқан екі адам бар екен. Оның біреуі Баян Есентаева екіншісі Айнұр Тұрсынбаева. Бұлар менеджментті меңгерген. Бірақ, жазушы емес. Әшейін өз өмірлерін бірдеңе-бірдеңе деп жаза салған. Содан қыруар ақша тапқан.
Әттең біздің ақын-жазушылар талантын табыс қылуға тырысқан емес. Оларға үнемі біреу бірдеңе беру керек...
Соңғы кезде ақшалы азаматтар ақын-жазушы көрсе алыстан қашатын болыпты.
Ербол Мандибек
Фейсбуктегі парақшасынан





