Орыстың көкмылжыңына неге құмар екен біздің қазақтар

Михаил Задорнов деген российский писатель-сатириктің "Последняя попытка или Хочу вашего мужа" деген пьесасы бар. Елена мен Андрей жиырма жыл ерлі-зайыпты. Бір күні Еленаға Оксана деген жас қыз кеп "Мен сіздің күйеуіңіздің ашынасымын. Маған күйеуіңізді сатыңызшы" дейді. Содан екі әйелдің ұзын-сонар әңгімесі, ұрысы, таласы, өкпесі жырланады.
Жарайды, славяндардың психологиясына, менталитетіне норма шығар бұл. Бұл оқиға бойынша кино түсірсе де, спектакль қойса да, мархабат, түсіре берсін, қоя берсін. Шаруамыз қанша?!
Менің таңқалатыным, осы пьесаны бірнеше қазақ театры қойып шықты ғой. "Күйеуіңізді сатыңызшы" деген аудармамен. Әлі қойып жатыр. Баяғыда Қарағанды театрында жүрді, Ақтау театрында да болды, Азамат Сатыбалдының жеке театры дүрілдетіп қайта-қайта ойнады, енді М.Әуезов театры премьерасын жасапты.
Не үшін?
Орыстың сүреңсіз, не берері жоқ, не айтары жоқ, не мәні жоқ осындай көкмылжыңына неге құмар екен біздің қазақтар?
Әр ұлтқа сай нәрсе деген бар ғой, в конце да концов.
Марал Киокушинкай
Фейсбуктегі парақшасынан





