Осындай дебилизмі бола тұра ұялмастан "зайырлы мемлекетпіз" дейміз иә?

Үй алу үшін мына құжаттар қажет екен. Жыныма тигені - сотталғаны және психдисрансерден анықтама талап етуі?! Шындап келгенде, Қазақстанның жартысынан көбі сотталғандар. Өтірік болса, статуправление мен ЦОН айтсын. Небір басшылардың өмірін тырнап қалсаң, астынан бұрын сотты болғаны шыға келеді. Сотталған болуы үшін кісі өлтіру міндет емес. Түрлі, әкімгершілік қызмет бабымен де жазаға тартылады. Қазақстан мемлекетінде еңбек етіп жүріп баспана алу үшін мынадай сорақы анықтаманың қажеті қанша?! Қазақстанда психикасы орнында тек, ел байлығын қалқып жеп отырған 168 әулет қана болар? Қалғанының нарық заманында тырқылбай тіршіліктен жүйкесі тозып, психикасы баяғыда баратын жеріне барып қойған! Арнайы тіркелмеген демесең, бүгінде күйзелген халықтың екісінің бірі - псих! Тиіп кетсең бензин сепкеннен бетер жарылады. Тіркелгені қайта имантаразы. Туберкулездер не істеуі керек, Барсакелмеске керек па? Неге туберкулез? Әлеуметтің деңгейі жоғары мемлекетте туберкулез ауруы атымен жоқ. Туберкулезің көбейді ма, демек, халық ашқұрсақ деген сөз! Осындай дебилизмі бола тұра ұялмастан "зайырлы мемлекетпіз" дейміз иә? Қызмет бабында сотталғанмын. И что? Өмір бойы анықтама тапсырумен өтуім керек па? Идиотизм?!! Не, психикасы ауру болса, туберкулез, сотталған болса үйсіз қалуы керек па? Мынау не деген бассыздық?! Шетелде инвалид баланы толыққанды баламен бірге оқытады. Өйткені, адамның - адамнан артықтығы жоқ! Бізде полный дебилизм, отстой!
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан





