ӨТІРІКТІ СУДАЙ САПЫРҒАН ТӘРБИЕ - ҚАНДАЙ ТҰЛҒА ШЫҒАРАДЫ

Тәрбие
Біз — Отанды қорғайтын тұлға тәрбиелейміз бе, жоқ Отанды тонайтын тұлға тәрбиелейміз бе??
Оқушыны қоғамдағы шындықтан алыс ұстап, тек даңғаза іс- шаралармен алдап, жағымпаздыққа, өтірікке тәрбиелеп отыр. Тәрбие бағытындағы ең сорақылық осы.
Жемқорларды, өз елін тонаған, ұлтына қиянат жасаған қылмыкерлердің жазаланғанын оқушы көрмесе, білмесе, ақ қараны қалай ажыратады?
Көкке өрледік деп өтірікті судай сапырған тәрбие - қандай тұлға шығарады. Ертең өз Отанын тонайтын тұлға тағы келсе қайтеміз?
Осы сұрақ ойландырады. Шенге, билікке өлерменше ұмтылған- жастар қауымы бұған дәлел емес па??
Озық технология жаратуға, өндіруге емес, депутаттыққа, шен алуға таласа, тармаса баратын, ол үшін өтірік сапырған ертегісі мың құбылғанын да көрдік.
Оқушы — қоғамның айрылмас бір бөлшегі. Онда неге өтірікке тәрбиелеп отырмыз???
Sania Nusipali
Фейсбуктегі парақшасынан





