Қанға сіңіп кеткен құлдық қамыты біздегі ауыр дерт

Шындық. Жүрекке дейін бойлап, тіпті қанға сіңіп кеткен құлдық қамыты біздегі ауыр дерт.
*ҚҰЛДЫҚ САНА ЖАЙЛЫ АҢЫЗ.*
Ертеде Жоңғарлармен жойқын соғыс жүріп жатқан 18-ғасырда Бөгенбай батырдың алдына қалмақтың тұтқынында болған екі қазақты алып келіпті. Олардың тұтқыннан қашып шығып келе жатқан беті екен. Әлгінің біріншісі – еңгезердей, тау тұлғалы жігіт те, екіншісі – шынашақтай көзінен от шашқан біреу екен. Бөгенбай батыр, шынашақтай сарбаздан: «Ойраттың тұтқынында қанша уақыт болдың?» деп сұрапты. Анау: «Екі ай тұтқында болдым» депті. Бөкең батыр: «Мына жігіттің қолына қылыш ұстатып, таңдаулы сарбаздардың қосына жіберіңдер!» депті. Еңгезердей батыр жігіттен: «Ал, сен тұтқында қанша болдың?» деп сұрайды. Анау: «Үш жыл жаттым» депті. «Онда мынаның қолына құрық беріп, жылқы бағуға жіберіңдер!» депті Бөкең.
Оқиғаға куә болып отырған басқа батырлар: «Бөке, әне біреу шынашақтай тапалды жортуылшы қосынға жібердіңіз де, тау тұлғалы батыр жігітке жылқы бақтырып қойдыңыз, бұл әділдік пе?» деп сұрайды. Сонда Бөгенбей батыр: «Анау шынашақтай жігіт тұтқында екі-ақ ай болыпты, әлі рухы сынбаған екен. Қалмақтардан таяқ жеп, өшпенділігі бетіне шыққан, нағыз зар күйінде тұр. Сол себепті таңдаулы қосынға жібердім. Көзіне қалмақ көрінсе қасқырдай шабайын деп тұр. Ал, тау тұлғалы батырларың 3 жыл тұтқында жатыпты, қалмақтан әбден таяқ жеген, рухы сынып, құлдық өтіп кетіпті. Көзіне қалмақ көрінсе жата кетейін деп тұр. Сондықтан оған жылқы баққаннан басқа жұмыс жоқ» депті.
Бөгенбай батыр айтқандай отаршылық қайткен күнде белгілі бір зардабын қалдырады. Қазіргі таңда біз солардың сойылын соғуымыздың арығы жағында құлдық жатыр.
Ерлан Алтай.
Sania Nusipali
Фейсбуктегі парақшасынан





