Қаншама трагедияға əкелген шешім қабылдағанда біздің қазақты ешкім деп есептемеген-ау

Астана-Семей-Тарбағатай марштрутымен сапарға шықтық. Курчатов қаласынан өте бергенде "Дегелең" деген станса бар. Курчатов көрініп түр. Осы Курчатовтың салыну тарихы "Кремльге" тікелей байланысты. Бұл қалаға сол кездегі "қанқұйлы" Берияның өзі келіп талай мəжіліс өткізіп, ядролық полигонның жарылыстарын тікелей бақылаған.
Сол кезде, біздің ата-бабамыздың жерін осынау алапат, сұрапыл, жойқын күштің қойнына салып, қаншама трагедияға əкелген шешім қабылдағанда біздің қазақты ешкім деп есептемеген-ау.
Сен барсың, бірақ, жоқсың...
Əйтпесе, талай қазақ боздақтары əңгіме айтқан ғой, бұл жердің киелігі жөнінде.
Жердің киесі қатты болады.
Тарихта Лаврентий Берия қарабет, жалмауыз болып қалды.
КСРО құлады.
Коммунисттер кетті.
Ата-бабамыздың аруағының мықтылығы.
Тылсым күш деген осы.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан





