Қара жамылған қыздардың қатары көп болғанын қаламаймын

Камиша апай xиджап туралы ештеңе айтпайсызба? деп бір сіңлім жазып жіберіпті. Мен xиджаб, никаб деген нәрселерді түсінбеймін, байқаған шығарсыздар қысқа көйлек, ашық кеуде киіп жүрем. Кәзір сіздерді қорғаймын деп жеке басыма тиісіп кетеді. Егер ел басымыз заң шығардыма, демек орындалу тиіс, бірдең қорқа бермей, байы өлген әйелдей қара жамылмай, күнделікті киімдеріңізді реттеп намаздарыңды қаза қылмай оқи берсеңіздерші. Ода тұрған не бар. Дереу бәрін керсінше ойлай бермей, салмақтап ел басына қарсы келмей, жүріс тұрыстарыңызды түзеңіздер. Менің апалиям 27 жыл намазда киген киімін көрсеңіздер fashion mood жарты жолда қалады, орамалдыда әдемі тағады сондықтан ренжімеңіздер. Халықты адастырып теріс ағамның жетегінде кететін жастарға жол берілмеу керек. Сақалды сабситып жап жас басымен жүрген жігіттерді ұнатпаймын. Қара жамылған қыздардың қатары көп болғанын қаламаймын. Киімге заң жоқ, бірақ ел басының пәрманы заң әрі орындалу тиіс. Ренжімегін сіңлім.
Камиша Есмухамбеткызы
Фейсбуктегі парақшасынан





