Қарапайым халыққа бейбітшілік, жарасымдылық, татулық, амандық керек ...

Бала кезімізде соғыс туралы киноларды көріп, көріп неміс деген халыққа деген өшпенділігіміз керемет болушы еді ғой.. Жер бетіндегі ең оңбаған, жауыз адамдар болып елестеуші еді. Соғыс алаңында кездесіп қалғанда ойланбай қарнын ақтара салатын бір ұлттың азаматымен, соғыс біткен соң кездескенде арқа-жарқа болып құшақтасып, бірге тамақ ішіп, дем алып отырады ғой қарапайым халықтың өкілі..
Қарапайым халықтың бір өкілінің, екінші халықтың өкілінде алты аласы, бес бересі жоқ.. Бір- бірімен жауласып, соғысса біреудің айтағына еріп, біреудің сойылын соғып, мерт болатын да сол қарапайым сорлы халықтың өкілі.. Билік құмар, байлық құмар біреулердің амбициясының құрбаны болатын қарапайым халық.
Менің қырғыз досым бар, өте адал жігіт, бір- бірімізді керемет құрметтейміз, тойларымызға барамыз. Атамбаев бірдеме деп көкіді екен деп, қызылкеңірдек болуыдың еш қажеті шамалы деп ойлаймын. Қырғыздың да есі дұрыс адамдары оның сөзін елеп жатқан жоқ. Біз де солай "Ит үреді, керуен көшеді" деген тәсілді ұстанғанымыз жөн ау..
Екінші жол бар: "Иттің балалары, сендердің аталарың ондай болған, біздің аталарымыз бұндай болған, тұрысатын жеріңді айт, сендерге қырсыққанда біз былай істейміз" деп жауласу.. Одан кім ұтады, кім ұтылады? Елге қанша пайда?
Қазір бір кездегі иттің етінен жек көретін немістермен қоян қолтық араласып жүрміз.. Орыстармен де.. Қарапайым халыққа бейбітшілік, жарасымдылық, татулық, амандық керек.. Басқасының бәрі эмоция, біреудің сойылын соғу деп білемін...
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан





