Қазақ ұлтына эгоизм жетіспейді

Қазақ далбаңдап өзін ұмытып кетеді. Жанындағы өзге ұлт көршісін қонаққа шақырып, соңғысын беруге даяр. Ал өзі сол өзге ұлттың үйіне бармайды, себебі ол қазақты шақырмайды.
Қазақ эмоцияға беріліп, өзгеге көмек беруден алдына жан салмайды. Сонысымен мақтанады. Сол қасиетін жаман деп есептемейді. Қазақ ұлтына эгоизм жетіспейді. Қазақ ұлтына индивидуализм, “Мен!” деген психология жетіспейді. Сол себепті ХIX-XX ғасырда зардап шекті, қансырады, сорлады, қырылды …
Көршіңде соғыс болса, қару сат. Көршіңнің үйі өртенсе, су сат. Көршің аш жатса, нан сат. Сол жинаған ақшаңа балаңды оқыт, әйеліңе тон сатып ал, өзіңе көлік ал. Сонда ғана қазақты сыйлайды. Кедей қазақты ешкім сыйламайды және оның сөзі де өтімсіз болады.
Қазақ өзінің жомарттық пен кең пейілдік нормасын орындап тастаған ұлт.
facebook.com парақшасынан





