Қазақтардың бір-бірінің бетін жырту кезеңі басталды

"Бөліп алда билей бер" саясаты жалғасып жатыр.
Қазақтардың бірін-бірі бетін жырту кезеңі басталды.
Дегенмен, қазақты біріне-бірін айтақтап қою, соған көну ұлттық болмысқа жатпасы анық.
Біз, қазақтар, бір бірімізді сынауға, көзқараспен келіспеуге, ренжісуге баруға болар.
Түсінбеген жері болса түсіндіріп, көзін ашып, ойламай істеген қатесі болса кешірімді болу, кінамшылдықтан жоғары болу біздің міндет!
Біз азбыз.
Осы төрткүл дүниеде 18-млн-ға жетер-жетпес.
Бір қаланың ғана саны.
Санымыз аз, бізді тек ынтымақтамтық, бірлік сақтап қалары анық.
Басқа жол жоқ.
Бір-бірін менсінбей, жек көріп қаншама ұлт тарих қойнауынан жоқ болды?
Ойланатын мәселе.
Қиянат жасау күнә. Қазаққа қиянат жасау ауыр күнәнің өзі.
Бір-бірімізді сыйлап, өзіміздің ұлттық туымыздың байрағын жоғары ұстаған жөн.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан





