ҚАЗАҚТЫ ҚЫТАЙМЕН ҚОРҚЫТА БЕРЕТІНДЕР - ОРЫСҚА ИТЕРМЕЛЕУШІЛЕР

Қазақты Қытаймен қорқыта беретіндердің екінші аты - "қазақты орысқа итермелеушілер" екенін естен шығармау керек.
Әлемде Қазақстаннан әлдеқайда кіші, бірақ Қытаймен шекаралас, тіпті сол Қытаймен қырғиқабақ - Тайван, Моңғолия, Непал, Ауғанстан деген елдер бар екенін ұмытпау керек.
Бірақ бұл елдердің Қытайдан қорқып Ресейге тығыла бергенін көрмеппін.
Ал бізде тіпті күллі қазақ бір - бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай айтатын, "қара қытай қаптаса орыс әкеңдей көрінер" деген сөз бар.
Бұл сөзді кім шығарған өзі?!....
Құрметті қазақтар, егер мемлекеттіліктеріңізге сонша сенімсіз болсаңыздар, мына мемлекетсымақты жауып, бәлкім арттарыңызға жалтақтамай сол "старший браттарыңызға" қайта ораларсыздар, ә?!.... Ойланыңыздар.
Я болмаса, біреуіне тоңқайып, екіншісіне жалпаймай дұрыс геосаясат құрып үйренелік.
Қытай көп болса қайтейік, қазір 21 ғасыр, қаптаған әскерді бір кішкентай түймешікті басып қана жаһаннамға аттандыруға болады. Енді бұл миллиард нөпірмен қылыштасып - найзаласып отырады дейсіздер ме? Жаңа заманның жанжалы да жаңаша болады емес пе....
Сондықтан миымыз жетсе сондай заманауи жағдайға жетуге тырысып, маңымыздағы көршілерді қыңбайтын дәрежеге көшу керек.
Қысқасы, біз мынадай географияда тек қана ақылды, озық, заманауи мықты болу үшін жаралғанбыз. Ол қолымыздан келеді. Бізде басқа жол да жоқ.........
Қайрат Нұрлықасымұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





