Құлдық сананың құрдымына кетіп, өздеріңді енді қорламаңдар...

Біздің қарапайым қазақтардың көбісі, әсіресе қалаларда жұмыс іздеп қаңғыған жастар орысша оқыған орысқұл "орысказахтарды" білімді, оқыған, көп нәрсені біледі деп ойлайды. Олардың керіліп, көкіректерін көтеріп алып орысша сөйлеп тұрғанынан біздің қарапайым қазақтар кейде "духтарын" жоғалтып, оларды өздерінен жоғары санап тұратынын талай көрдім. Олар расында "типа" білімді. Мен сендерге айтайын, олар білімді емес, оларда білім де жоқ. "Ойбой, орысша игергендер мен орыстар білімді" деген түсінік далбаса. Оларда иммунитетінен айырылған ағза мен сұмалаңдаған тіл ғана бар. Олар қиындықтан басын алып қашатын, шыбық тимей шыңқ ететін бәлелер. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндер де осылар. Түкке тұрғысыз нәрсеге бола шағым айта беретін, еркектері төзімсіз, ырбаңқы қатын сияқты болып келеді. Олардың төзімсіз, шағымшыл екенін көріп, жақтан беріп қалғың келіп тұрады. Дәл осындай ырбаңқы иммунитеті жоғалған адамдар жанындағы адамдарды кез келген қиындықта сатып кетеді. Билікте тұтасымен осылар отыр. Мен өзім олардың қабілеттерін әбден зерттегенмін. Анығына келгенде нағыз төзімділер біздің қазақтар ғана. Біздің қазақтар бәрін көтереді, бәріне шыдайды. Қолдау мен қолғабыс жасасаң, біздің қазақтардың қолынан бәрі де келеді. Қолынан келмейтіні жоқ. Мен өз басым орыстілді шалаларды бауырым деп жақын тарта алмаймын. Олар шынымен қазақтығынан жеріп кеткендер. Адамның табиғи тілі құрыса, иммунитеті де, болмысы да құрып тынатынын мен күнде аңғарып, көріп жүрмін. Қазіргі үлкен қалалардағы қылқиған, тыбиған орыстілді балалар да ертең осылар сияқты арызқой, шағымшыл бірдеңелер болып өсетініне күмәнім жоқ. Осылар біреуге қорған болып немесе отанын қорғайды деп те ойламаймын. Өтірік "патриоттар" осылардан шығады. Мен мұны не үшін айтып отырмын? Біздің жастар ешбір жерде қымсынбасын, тартынбасын, олардан өзін төмен санап, рухын түсірмесін деп отырмын. Құлдық сананың құрдымына кетіп, өздеріңді енді қорламаңдар. Жетеді енді. Тек қазақша сөйлеңдер. Анығында біздің қаракөз ұл-қыздарымыз олардан әлдеқайда қабілетті әрі төзімді. Тағы да қайталап айтамын, біздің қаракөздеріміздің қолынан барлық іс келеді. Отанды да, жерді де осылар қорғайды. Осыны ұмытпасын олар. Ал, орыстілді "орысказахтарда" иммунитет жоқ.
Бекболат Қаржан
Фейсбуктегі парақшасынан





