Шара көрмесе, Жаңа Қазақстан емес, қорқау қазақстан боламыз

Мектепті, бала бақшаны білім ордасы деп жүрсек, нағыз жемқорлардың ордасы екен ғой?
Бюджетті кеміргіштей кеміреді, басшылар креслода отырып семіреді, тойып болғасын тағы бір майлы орынға жайғасып, жымқыру жеу жолын жалғастырар орын болғанына бүгін көзім әбден жетті әлеуметтік желіні ақтарып отырып.
Өмір Шыныбекұлының шырылдап білім миністірлігіне бала бақша, мектептерді аудит жасау керек деуінде үлкен гәп бар екен!
Мені қызықтырар сала болмағасын, ісім түспегесін мән бермейді екенмін, бүгін көзім ашылып шошыдым!
Біз қайда баратырмыз?
Қой терісін жамылған қорқау қасқырлар білім саласын кеміргіштей кеміріп жатыр екен, шара көрмесе "Жаңа Қазақстан емес, қорқау қазақстан" боларымыз анық!
Абдималик Исаев
Фейсбуктегі парақшасынан





