Тәуелсіздік күні дегенде еске не түседі, марапаттан басқа?

Тәуелсіздік пен төсбелгілер тойы
Тәуелсіздік күні құтты болсын! Небір дүрлер арман қылған тәуелсіздік қой бұл. Кесілген бас, төгілген қан мен аққан жас, ерлік, ерлікке парапар еңбек... Қалай десек те басқа мейрамдардан қадірі артық, құны қымбат. Соны білейік, бағалайық, тойлайық... Тойдың да жөні бар, формасы бар. Жаңа жыл, наурыз, жеңіс күні бұл ретте өзіндік формасы қалыптасқан мерекелер. Тек тәуелсіздік күні көтеремге жабылған жабудай олпы-солпы. Тәуелсіздік күні дегенде еске не түседі, марапаттан басқа? Тәуелсіздік тойы емес төсбелгілер тойы қылып жіберген жоқпыз ба осы?! Келер жылы тәуелсіздіктің отыз жылдығы келе жатыр. Төсбелгілерге әлден тапсырыс беріп жатқан шығар пысықтар, ал бізге ойлану керек-ау!
Есболат Айдабосын
Фейсбуктегі парақшасынан





