Ұсақ-түйек секілді көрінгенмен, бұл нағыз ақпараттық агрессия!

Оу, қазақтар!
Абай болыңыздар!
Жасыратын ештеңесі жоқ, мейрамхана, особняк салғандар түгілі, қазір қыз жасауына дейін Қытайға тапсырыс беріп жатады.
Қытайлар соның арасына мынандай "сұрқия" бұйымын қосып жібереді екен.
Шымкенттегі дәмханалардың біріне ілінген әлем картасында Қазақстан болмай шықты.
Дəмхана жақында толық жөндеуден өткен. Әкімшінің айтуынша, сол кезде жиһаз мен декорациялық бұйымдарды арнайы тапсырыс беріп, Қытайда жасатыпты. Соның арасына қытайлар тығып жіберсе керек. Оны бұлар аңғармаған.
Дәмхана әкімшісіне рахмет, артық сөзге келмей алып тастады.
Дегенмен, ондай дәмханаға жарнама жасамау мақсатында атын атамауды жөн көрдім.
Барған дәмхана, мейрамхана, офис, отельдердің декорациялық бұйымдарына назар сала жүріңіздер..
Былай қарағанда ұсақ-түйек секілді көрінгенмен, бұл нағыз ақпараттық агрессия!
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





