Жолшыбай Қазақ тілін жолықтырдым. Жүдеу екен...

Жолшыбай Қазақ тілін жолықтырдым. Жүдеу екен. Әрнені әңгіме ғып аз-кем тұрдық. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтайын деп бір оқталдым да жарасының аузын тырнағандай болам ғой деп ойлап қоя қойдым. Үй-күйсіз жүр екен. Тіркеуге тұра алмапты. Әуезов пен Аймауытовты құшақтап алыпты. "Мұны не істегелі жүрсің?" десем, "Біз де осындай болғанбыз. Қазіргі бар қорғаным да осылар" дейді. Жер шұқыдым.
Қоштасарда "Атымды жамылып, атақ-даңқ, абырой іздеп, ойға-қырға жалаулатып шапқылағандарды көріп, кім көрінгенге қолжаулық болғаныма қорланам" деп мұңын шақты. Қайсін енді...
Өміржан Әбдіхалықұлы
Facebook-тегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу