Арыстар аманаты ақталады

Арыстар аманаты ақталады

XX ғасырдың басында айналасына интеллектуалды элитаны жинап, елдікке ұмтылған Әлихан Бөкейханов: «Ұрпақ үшін Мұхтаржан, Абайды жаз» деп өсиеттеген еді... Бүгінде Абайды оқыған сайын есіңе есіл Әлекең түседі. «...Тірі болсам, ұлтыма қызмет етпей қоймаймын» деген дүр перзенттің ерлігіне сүйсінесің. Ұлтына шын жанашырлық пен адалдық бір болса, осылай-ақ болар. Иә, биыл Алашорда ұлттық мемлекетінің құрылғанына — 96 жыл. Ал сол ұлттық мемлекеттің тұңғыш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туылғанына — 147 жыл.
Жуырда «Оңтүстік» ақпарат орталығын­да «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клу­бының ұйымдастыруымен дөңгелек үс­тел өтті. «Алаш көсемдері Алаш автономия­сын неге кеш жариялады немесе отаршыл Ресейден бөлінуге неге ұмтылмады?» деген тақырыпта өткен отырыста Астана­дан келген белгілі алаштанушы һәм Әли­хан­танушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы баян­дама жасады. Алаштың аманатын арқалаған кешті «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының жетекшісі, белгілі тележурналист Берік Құрманғали жүргізді. «Аманаттың» кезекті пікірсайысына ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұ­ра­­жайының директоры Ханбибі Есенқара­қызы, «Алаш» әдебиет сыйлығының ие­гері, жазушы Мархабат Байғұт және өңір­дегі тарихшы ғалымдар қатысты.     
Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ, белгілі Әлихантанушы ғалым:
– Бүгінде қазақ тілінде аз ба, көп пе, жаман ба, жақсы ма, Алашорда тарихы жазы­лып жатыр. Әрине, құптарлық. Деген­мен «Алаш қайраткерлері Алашорда авто­но­миясын неге кеш жариялады?» деген сұраққа қазақ тарихшылары жауап іздегісі келмейді. Естеріңізде болса, Орынборда өткен II Қазақ съезінде Алаш көшбасшысы Бөкейханов Алаш автономиясын жария­лау­ға қарсы шықты. Ойлап қарасаңыз, Бөкейх­анов 1917 жылы шілде айында «Мен кадет корпусынан неге шықтым?» деген мақаласында, біріншіден, кадет партиясы қазақтың автономиясына қарсы болды. Сонымен бірге дінді мемлекеттен бөлуге, жерді жекешелендіруге ұмтылған­дықтан, оған қарсы тұрып, партиядан кет­тім» дегені бар.

Жалпы, «Аманат» отырысының 9 жел­тоқсан күні өтуі тегін емес. Өйткені 1917 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында Орынборда II жалпы қазақ-қырғыз құрыл­тайы өтіп, Алашорда мемлекеті құрылды. Құрыл­тайда Алашорда мемлекетінің басшысы болуға лайықты үш азаматтың кандидатурасы ұсынылады. Ашық әрі демократиялық жағдайда өткен сайлауда 79 депутаттың 19-ы Бақтыкерей Құлман­ұлына, 20-сы Айдархан Тұрлыбайұлына дауыс береді. Ал қалған 40 депутат Алашорда мемлекетінің басшысы болуға Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейхановты лайық деп табады. Бұл 1847 жылы Кене­сары хан өлтірілгеннен кейін қазақтың өз бас­шысын өзі таңдаған айрықша сәті бола­тын. Өкінішке қарай, Алаш арыстарының Хан Кене өмірден өткен соң 70 жылдан кейін құрған мемлекеті небәрі 2 жыл 3 ай ғана өмір сүрді. Әрине, бұған себеп – ұлттық экономикамыздың дәрменсіздігі, ұлы империяның ізіне шырақ жағып қуда­лауы салдарынан өз өміршеңдігін тоқтат­қан еді. Құдайға шүкір, Алаш аманатының алтын баулы арқауы үзілмей, бүгінге жеттік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста