Ата Заң қалай жазылды?

Ата Заң қалай жазылды?

Конституция елдің келбеті мен бағыт-бағдарын айқындайтын ең ма­ңызды құжат екені даусыз. Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан халқының 90 пайыз­д­айы референдум арқылы Ата Заңымызды қабылдады. Қызу талқы­ланған Ата Заңымызды талқылауға үш миллионнан астам азамат қатысып, 30 мыңнан астам ұсыныс-ескертпе енгізген екен. Соның барысында Ата заң жобасының жартысынан астамына, яғни 55 бабына 1100 түзету мен қосымша енгізілген екен. Біз мемлекеттік рәміздердің авторларын құрметтеп жатамыз. Ал осынау ел тағдыры мен болашағын айқындайтын жауапты құжатты әзірлеуге ат салысқан ғалымдар мен заңгерлер қауымын білеміз бе?
1993 жылы қабылданған алғашқы Ата Заңымызды қабылдауға академик Салық Зиманов, академик Сұлтан Сартаев, 1995 жылғы Конституцияны дайындауда Наға­шы­бай Шәй­кен­ов бастаған ғалымдардың еңбегі зор. Сарапшылар қауымы мемлекет­тің іргесін бекемдеу үшін сан алуан үлгінің ішінде франциялық үлгіні қош көреді. Осы үлгі өміршеңдігін көрсетті. Әрине, Консти­ту­ция қатып қалған нәрсе емес, уақыт тала­бына сай өзгеріп отырады. Заңгер ға­лым Өмірәлі Қопабаев айтқандай, адам өмірі мен оның құқығы мәселелеріне ерек­ше назар аударылған. Конституциядағы 39 баптың тұтастай адам құқығына арналуы осы­ның айғағы. Бұл – бүгінгі Конституция­ның маңызды ерекшелігі мен артықшылы­ғы. Заңгер ғалымдардың пікірінше, АҚШ Конс­титуциясының атасы Джеймс Мэдисон, Франция Конституциясының дем берушісі және идеологы генерал Шарль де Голль десек, 1995 жылғы Конституцияның дем берушісі Ел мен Елбасы деп айтуға болады.   
Қабдолсамих Айтқожин, заң ғылымының докторы:
– Елбасы Ата Заңды әзірлеу барысында 20 елдің конституциясының конспектісін жасады. Президентіміздің өзі Конституция­ның авторы халық деп айтты. Себебі 1995 жылы Атаң Заңымыз бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған бола­тын. Сонымен, Конституцияның авторлары ретінде халық пен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев деп айтуға болады. 1995 жылы мамыр айында Ата Заң жобасын дайын­дау бойынша сарапшылық-консуль­та­тивтік кеңес құрылып, оның құрамына елдің білікті заңгер ғалымдары Ю.Г. Басин, В.А. Ким, К.А Колпаков, А.К. Котов, Б.А.Мұ­­ха­меджанов, Е.К.Нұрпеиісов, Г.С.Са­пар­ғалиев, М.К.Сүлейменов, Н.А. Шәйкенов, шетелдік сарапшылардан ресейлік белгілі құқық теоретигі С.С. Алек­сеев, Франциядан Жак Аттали мен Ролан Дюма секілді мықты ғалымдар кірді. Конституция жобасы бойынша талқылаулар болып, 19 мыңдай ұсыныс келіп түскен. Бұл Конституция жобасын талқылаудан сол кездегі қалыптасқан ахуалға орай бүкіл Қазақстан халқын ортақ идеяға, ортақ құндылықтарға біріктіру мәселесі алға қойылды. Себебі 20 миллиондай өзге ұлт өкілі елден көшіп кетті. Ұлтаралық татулықты нығайту үшін 1995 жылы наурыз айында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Біздің конституциямыз Франция үлгісінде жасалды, сол себепті білікті француз заңгерлерін шақырттық. Ресейдің 1993 жылы қабылдаған конституциясында да франциялық үлгінің белгілері бар. Оны әзірлеуге академик Алексеев қатысқан болатын. Сол себепті ол шақырылды. Біз неге франциялық үлгіні таңдадық? Бізде парламенттік үлгіні қабылдаудың негізі жоқ еді, өйткені бізде толықтай азаматтық қоғам қалыптаспады. Көрші қырғыз аға­йын­дар парламенттік республика құрамыз деп Конституция қабылдады. Ешқандай нәтиже жоқ. Бізге Президенттік үлгідегі республика қажет болды. Президенттік үлгінің негізінде президент- парламенттік басқаруға көшуге негіз жасалатын болады. Әлемдік дағдарыс капитализм мен со­циа­лизм­нің ең озық сипаттамаларын біріктір­ген неолибералды демократияның қажет еке­нін көрсетті. Мысалы, еліміздегі әлеу­мет­тік жаңғыруға бағытталған рефор­малар оны айқын аңғартып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста