Әлеуметтік желіде әуретін ашатындар көбейді немесе қазақ қыздары жалаңаштанудан жарысуда (фото)
Соңғы кездері әлеуметтік желіде жалаңаштанған қазақ қыздарының суреттері күрт көбейіп кетті. Бұрын шетелдік журналдардан ғана көретін шетелдік жартылай жалаңаш қыздарды бүгінгі күні өз елімізден әлеуметтік желіден, клиптен, сахнадан, жылтыр журналдардан оңай табатын болдық. Тіпті суретіне қараудан көзің ұялатын, қарасаң ыңырсыған, қылымсыған дауыстар құлағыңа келетіндей дәрежедегі суреттерге қарап қазақ қызы деп айтудан да ұяласың.
Жасырып керегі не, жалпы соңғы кездері қазақ қыздарынан ұят кетіп бара жатқандай. Көшедегі түріктердің қолтығында қазақ қызы, қысық көз қытайдың да көз сүзгені қазақ қызы тіпті қырғыз ағайындар да қазақ қыздарының бейәдеп қылығына қарап, «қазақ қыздарына керует берсең болды, бейне клип дайын» деген пікір айтуда. Қызға қырық үйден, қала берді қара күңнен тыйым қайда қалды?!
Суреттер ВК, Инстаграм әлеуметтік желілерінен алынды.
Алаш айнасы