Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы жемқорлықпен күрес нәтижесін жариялады
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы 2017 жылғы І жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша нәтижесін жариялады.
Алматы қаласы әкімдігіне қарасты барлық мекемелер жыл бойына жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп, жемқорлық нәтижелеріне ішкі талдау да жасап отырады. Жер қатынастары басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері бойынша Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қағидаларына сәйкес жүргізіліп отыр.
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылған:
1) Басқарма қызметіне қатысты құқықтық актілерінде және нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі – Басқарма, қала аумағында жер қатынастары саласында жетекшілік ететін мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Жер және Бюджет кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижелерінің, БАҚ-тағы басылымның, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және де Қазақстан Республикасы заңнамасы беруге рұқсат ететін басқа да мәліметтердің негізінде жүргізілген.
Талдаудың бағыты – бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес, Басқарма функциялары іске асырылатын түрде болып, жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарымен ескерілген мақсат пен міндеттерге жетуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді, рұқсат беруші құжаттарды (лицензиялау, тіркеу, сертификаттауды қоса) беруді орындауға бағытталған.Әшкі талдау нәтижесінде Басқарманың жемқорлыққа қарсы әрекетте дұрыс бағытта келе жатқаны анықталды. Алдағы уақытта да осы бағыттағы істер нәтижесін таба бермек.
Еркенұр Ерзия