Алматылық гейдің мұңы

Алматылық гейдің мұңы

Жалпы көрсеткіштерге сәйкес, кез келген қоғамның шамамен 10-ын дәстүрлі емес қарым-қатынасты қалайтындар құрайды. Қазақстанға да бұл өз әсерін тигізді. Елімізде гейлер қалай өмір сүруде және гомофобты қоғамда қалай аман қалуда екенін NUR.KZ тілшісіне 26 жастағы Аслан айтып берді.

Барлық өмір – шайқас. Бастапқыда өзіңмен, кейін қоғаммен.

Әрине мен гей екенімді кішкентай кезімде білген жоқпын. Балалар бақшасында қыз балаға қызығушылық танытатынмын.

Кейін уақыт өте келе ойым өзгере бастағанын байқадым. Ойымды өзгерту үшін күреске түстім. Бұдан бәрі де өтеді деп ойлаймын. Күресесің, себебі қоғам сондай. Мен де күрестім. Мен ондай емеспін, бәрі дұрыс деп өзімді сендіруге тырыстым.

16-17 жасымда менде кездесіп жүрген қызым болды. Онымен алғаш рет жыныстық қатынасқа түсіп көрдім. Ол кезде жыныстық қатынасқа түсу үшін бәріне даяр жаста едім. Алайда бірдеңенің дұрыс еместігін сол кезден бастап сезетінмін. Мен тағы өзіммен күреске түстім. Бірақ бір кезде мұның бәрі бос әурешілік екенін түсіндім.

Менің жеке өміріме тек анам ғана араласа алады…

Менің анам таңдауым туралы хабардар. Ал әкем ештеңе білмейді. Ол оны қабылдай қояды деп ойламаймын. Сол себепті оған айтудың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал анама сырымды бөліскен әпкем айтып қойды. Анам, әрине бастапқыда ойымды өзгертуге тырысты. Ол менен телефонымды тартып алып, сөзге тартуға тырысты. Қазір ол аз да болса мені түсінетін секілді. Бірақ бәрібір есейіп, ақымақтығын доғарар деген үмітпен қарайтындай көрінеді. Ал қазіргі уақытта оған менің амандығым маңыздырақ. Кей кездері ол менің жеке өміріме араласқысы келеді. Бірақ анам болғасын мен оған кешіріммен қараймын.

Барлық аналардың мені естігенін қалаймын! Сіздер өз балаларыңызды қаншалықты жақсы көресіздер? Соны ойлаңыздар. Оның кіммен жатып жүргенінен гөрі аяқтан тұрып, жақсы адам болып өскені маңыздырақ емес пе? Ешкім статистика жүргізбегенімен өзін қол салатындардың көбі қоғамның қарсылығына тап болғандар. Сол себепті ата-аналар өз балаларын қаншалықты сүйетінін ойлауы тиіс.

Мен баламның натурал болғанын қалаймын

Мен балалы болғым келеді. Өзімнен кейін бір жақсы дүние қалғанын қалаймын. Балалы болу мен үшін ең тәтті арман. Мен жиендерімді тәрбиелеуге көмектесетінмін, оларды кішкентайын бағып-қақтым. Сол себепті бұл мектептен өттім дей аламын. Бұл маған ұнайтынын сеземін. Мен жақсы адамды тәрбиелеп шыға алатыныма сенімдімін. Қазір медицина барлығына жағдай жасай алады. Балалы болу үшін әйелмен жыныстық қатынасқа түсудің де қажеті болмай қалды.

Менің танысым гей екені түрінен көрініп тұратын. Ол өзіне қыз тауып, үйленді. Олардың ортақ балалары дүниеге келді. Алайда көп ұзамай олар ажырасып тынды.

Егер балам дүниеге келсе, өскенде натурал болғанын қалар едім. Себебі қоғамға қарсы тұру оңай емес. Менің өмірім қоғамнан бөлектеніп кеткен. Ел алдында күліп жүргеніңмен үйге келгенде жалғызсырап, сырыңмен бөлісетін адамды да таппай қаласың.

Бізге гейлер туралы телехикаялар керек

Біздің қоғам гейлерді қабылдауға дайын емес. Human rights ұйымы олимпиада астанасын таңдау кезінде жасаған есебінен-ақ бұл жағдай айшықтала түсті.

Әрине мен Қазақстаннан кетіп қалуды ойладым. Менің таныстарымның көбі шетел асып кетті. Олар өз жағдайының құлдарына айналғысы келмеді. Адамдар ештеңеге қарамастан, бақытты өмір сүргісі келеді. Осы тұрғыда мен натурал жұптарға қызғана қараймын. Олар көшеде қол ұстасып, сүйісе алады. Ал бұл бізге қолжетімсіз дүние.

Шетелдіктермен сөйлескеннен кейін мұның қалыпты дүние екенін түсінесің. Бұл парад жасап, пікір таластыратын мәселе емес. Егер бізге тыныш өмір сүруге мүмкіндік бергенде, ешқандай парадтың да қажеті болмас еді.

Жастар бізді әлдеқайда жұмсақ қабылдайды. Олар біздің таңдауымызбен келіседі деп те айтпайсың, жай ғана бізбен шаруалары жоқ. Қоғамның дамығанын оның мәдениеті аңдатады. Біздің мәдениет гомофобты болғасын, алдыңғы қатарда деп айта алмаймын. Бразилияның мысалға келтіргім келеді. Біз бәріміз олардың телехикаяларын көрдік. Олар үшін бұл қоғаммен диалогқа шығатын таптырмас құрал. Олар телехикаяларында келелі мәселелерді көтереді. Соңғы кездері олар гей мәселесін де көтеруге кірісті. Гейлердің өмірдегі қиындықтарын ел назарына салды. Осылайша халықтың гейлерді қабылдай алуына септігін тигізді.

Мен мұсылманмын

Мен мұсылманмын және мешітке барып жүремін. Мен дінде көп адастым. Мен қазақпын, кішкентайымнан ислами ортада өстім. Бірақ кей кездері шіркеуге барғаным да болған. Тіпті протестанттық шіркеуге түскен кездерім болды. Олар үшін Иса – супер жұлдыз. Олар ән айтып, би билейді. Мұның бәрі қызықты көрінгенімен менің көзқарасыма сай келмеді.

Мен мешітке барғанда жақсы болып қаламын. Бір де бір дінде гейлер жаман адамдар деп жазылмаған. Әркім өзінше саралайды. Қазір қоғам сондай.

Мен Құранның сүрелерін оқимын, жатар алдында дұға оқимын. Дұғалардан кейін өзімді керемет сезінемін. Құдайдан жақындарымның амандығын тілеп жатамын.

Жақында мен шіркеуде бір әкеймен таныстым. Ол – гей. Шіркеу бұл туралы біліп қойды. Содан қиындықтар туындағанына қарамастан, ол адамдардың мейірімді екеніне сенгісі келеді. Бұл дүниеде түрлі жамандықтарға баратын натурал азғындар да толып жатыр ғой.

Біздің төсегімізде шаруаларыңыз болмасын!

Сөз соңында айтқым келетіні, біздің адамдар біреудің төсегіне тұмсығын сұққанды ұнатады. Өз өмірлеріңізді өз төсектеріңізде сүріп жүргендеріңіз абзал! Адамды жыныстық таңдауына қарап, төмен бағалау дұрыс емес. Қызбен жатып жүргендіктен өздерін бізден артық көретіндердің көбі өз кемшіліктерін осылайша ақтап алуға тырысады.

Адамның кіммен жататыны оның жеке шаруасы. Жігітпен бе, әйелмен бе, не айырмашылық бар? Өз өмірлеріңізді реттеп, бақытты өмір сүріңіздер! 

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста