Ата-анасын жерлеуден бас тартатын ұрпақ пайда болды

Ата-анасын жерлеуден бас тартатын ұрпақ пайда болды

«Әкең жынды болса, байлап бақ» дейді қазақ. Атам қазақ осы сөзді бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын айтқан. Демек, дана қазақ болашақты болжап, арада ғасырлар өткенде қартайған ата-анасын бағып күтуге ауырсынып, қарттар үйіне тапсыратын осындай қайырымсыз ұрпақтың дүниеге келерін білген екен-ау!
Ащы болса да, шындық осы. Перзенті жоқ болса, бір сірә. Бүгінде перзенттері бола тұра, қарттар үйінде күнелтіп жүрген қариялар қаншама?! Өкінішке қарай, қартайған ата-анасын бағып күтуге ауырсынып, қарттар үйіне тапсыратындар қатары күн санап артып келеді. Бірақ зейнетақы алған күні қарттар үйіне барып, бар ақшасын алып кетуді әсте естен шығармайды. Қарттардың атында мүлкі болса, ұялмай-қызармай, атына шығарып сатып, пайдасын көреді. Оларға жаза да жоқ. Баласын қарамай, тастап кеткен ата-ана алимент төлеуге міндетті. Ал, қартайған ата-анасына қарамай, қарттар үйіне табыстайтын перзенттерге неге алимент төлетпейміз? Бір кезде қазақтың түсінігінде қылмыс болып табылатын, қазаққа жат құбылыс бүгінде қалыпты жағдайға айналып барады. Ата-анасынан безінген безбүйрек балалар көбейіп келеді.
Таяуда Петропавл қаласында 78 жасар жалғызбасты қарияның қараусыз қалғаны туралы бұқараттық ақпарат құралдарына көршілері хабар берген. Қария өздігінен жүріп-тұрудан қалған. Көршілерінің айтуынша, қарияның қызы, немерелері бар көрінеді. Бірақ олар қарияға қамқорлық жасаудан бас тартыпты. Алайда, қарияның үйін сатып, жатақханадан бөлме әперіп, қалған ақшасын қалталарына басып алған көрінеді. Бұл бір ғана мысал. Мұндай тағдырлар талай екені анық.
Алаңдатарлық жағдай – адамилыққа жат құбылыстың қазақ қоғамында да белең алып бара жатуы. Бүгінгі таңда қарттар үйіндегі қариялардың жартысына жуығы қазақ ұлтының өкілдері екен. Және олардың қатары күн санап артып келеді. Ең сорақысы, балалары мен туыстары қарттар үйінде қайтыс болған қарияларды жерлеуден де бас тартады екен. Оңтүстік Қазақстан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат директоры Мақсұтхан Дүйсебеков айтуына қарағанда, өзі басқарып отырған мекемеде тұрып жатқандардың 40 пайызы қазақ ұлтының өкілдері көрінеді. «Мұндағылардың қырық пайызы қазақтар. Балалары шетел асып кеткендер де бар. Перзенті жоқтар да, балалары бола тұра қараусыз қалғандар да бар. Өкініштісі, осында қайтыс болған кейбір қарттарымыздың балаларына хабар берсек, олар ата-анасын жерлеуден бас тартады» дейді интернат басшысы.
Әрине қарттар үйінде барлық жағдай жасалған. Киімі бүтін, қарны тоқ. Алайда отбасылық жылудың орнын ештеңе де толтыра алмасы анық. Ондағы қарттар, бала-шағаның, немеренің мейіріне шөлдейді. Ол шөлді өзге ештеңе де баса алмасы анық. Қазақта «әкеңе не істесең, алдыңнан сол келеді» деген сөз бар. Әкенің теріс батасын алған оңбас. Бірақ Алладан үміті жоқтар мұны қайдан ескерсін.
Қазақтың болмысына жат құбылыс індетке айналмасын десек, нақты шараларды қолға алуымыз қажет секілді. Бәлкім, ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандардан алимент өндіріп, қайтыс болған ата-анасын жерлеуден бас тартқандарға айыппұл салып, жазаға тарту керек шығар.

Қалдар Көмекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста