Автотұраққа ақы төлеу міндет пе?

Автотұраққа ақы төлеу міндет пе?

Естеріңізге сала кетсек, таяуда ғана Алматының қақ ортасында жабайы автотұрақ қызметкерлері мен көлік жүргізушінің арасында жанжал туып, ақыры атысқа ұласқан болатын. Салдарынан жол бойындағы жабайы автотұрақтың бір қызметкері аяғынан оқ жарақатын алды. Жанжалға себеп болған – 100 теңге. Яғни, көлігін жол бойына қойған жүргізушіден жабай автотұрақ қызметкері 100 теңге төлеуді талап еткен. Ал жүргізуші «жол жалпыға ортақ» деп, ақы төлеуден бас тартқан.
    Жалпы жабайы автотұрақ қызметкерлері мен жүргізушілер күнде жаға жыртысып жатпаса да, олардың арасында жанжал жиі болып тұрады. Тек ол жағдайлар көпшілік назарынан тыс қалып жатыр. Оған ешкім назар аударып та жатқан жоқ. Құқық қорғау органдары да, жергілікті әкімдіктер де сырттай бақылап, «сен тимесең, мен тиме» деген позиция ұстанған. Егер қару қолданып, оқ атылып, автотұрақ қызметкері жараланбаса, онда бұл ретте де ол қатардағы жанжал болып қала берер еді.
    Ал енді кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс дегенге келсек, нақты жауап айту қиын. Өйткені, жол бойындағы автотұрақтарға қатысты нақты заң жоқ. Бірақ жол бойын автотұраққа айналдырып, ақша тауып жүргендерге тыйым салып жатқан да жан байқалмайды. Бірақ оларды басқарып отырған біреудің бары анық. Тек оның кім екені белгісіз. Сондықтан ел арасында «оның артында құқық қорғау органының беделді басшысы тұр-мыс, жоғары жақтағы бір беделдінің кәсібі екен, ол кәсіпті қылмыстық топтар бақылайды екен» деген алыпқашпа әңгімелер көп.  Өйткені автотұрақ қожайындарын ешкім білмейді. Олар еш жерде бой көрсетпейді. Жол бойында ақша жинап тұрғандар да олар жайлы жақ ашпайды. Олар жол бойында ақша жинап тұрғандардың қолдарына автотұрақ қызметкері екендігін растайтын куәлік те бермейді. Сондықтан жол бойында ақша жинап тұрғандардың қай мекемеге қызмет етіп жүргені де белгісіз. Бәлкім ондай заңды куәлік беретін мекеме де жоқ болуы мүмкін.
    Ал Алматы қаласы әкімдігінің мамандары қала бойынша автотұрақ  қызметін қамтамасыз ететін 10 ұжымның барын айтады. Алайда, жол бойында ақша жинайтындардың ол ұжымдарға қатысы бар жоғы белгісіз. Әкімдік мамандарының айтуынша, автотұрақ үшін төлем төлеуге арналған автоматтандырылған қондырғы жоқ жерлерде жүргізуші ақы төлеуге міндетті емес.
    Сондай-ақ, қалалық әкімдік маманының айтуынша, автотұрақтар былтырғы жылы 75 млн теңгемен қала бюджетінің бүйірін бұлтитыпты. Десе де, мамандар бұл жалпы жиналған ақшаның 20 пайызы екенін айтады. Ал, сонда қалған 80 пайызы – 300 млн тенге қайда кетіп жатыр? Сол 20 айыз да арнайы автотұрақтардан түсіп жатқан қаржы. Ал жол бойындағы жабайы автотұрақтардан түсіп жатқан ақша қанша екені, оның қайда кетіп жатқаны жұмбақ.
    Бір қызығы, «жол бойында арнайы тұрақ болмаған жерге көлігін қойған  жүргізушіге айыппұл саламыз» деп елді дүрліктірген  ішкі істер органдары жол бойын жабайы автотұраққа айналдырғандарға ешқандай шара қолданбайды. Кейде жол бойында тұрған жабайы автотұрақ қызметкеріне «бағдаршамның дәл қасы екен, мына жерге көлік қоюға болмайды ғой. Жол полициясы көрсе айыппұл салар» десең «ол жағынан қам жемеңіз біз тұрған жерде олар тиіспейді» деп сеніммен айтады. Расымен де көлікті бағдаршамның дәл алдына қойып қойғанын кез келген жабайы автотұрақ бар жерден байқауға болады. Оларға айыппұл салып жатқан жол полициясы қызметкерін де көрмеппін. Соған қарап, «жабайы автотұрақ қызметкерінің айтқан сөзінің жаны бар-ау» деп қалам. 
    Не десек те, автотұрақ туралы нақты заң болмайынша, жол бойында жабайы автотұрақ қызметкерлері мен жүргізушілердің жаға жыртысуы тоқтамасы анық. Тек біз «сен салар да, мен салар...» деп ырғалып жүргенімізде, жол бойындағы автотұрақтар ажалға себеп болып жүрмесе игі.

Қалдар Көмекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста