Бай баласының ермегі

Бай баласының ермегі

«Менің әкем – әкім»

Қостанайдың әкімі Ахметбек Ахметжановтың қызы Индира екі қызбен бірігіп, сәнгер Анжела Шнайдермен төбеслесті. Құқық қорғау орындарына шағымданған А.Шнайдер сотқа берген түсініктемесінде «Индираның «Кімге шағымдансаң өз еркің, менің әкем – әкім!» – деп доқ көрсетті» – дейді. Әрине, бізде заңға пысқырмайтын дөкейдің ұлы-қызы аз емес. Олар – Серік Аяшев, Мақсат Үсенов, Қуаныш Тұракелдиев, Индира Ахметжанова, Меруерт Шабақбаева, Нұрдос Нұрманбетов, Нариман Батырбеков, Олжас Әбжан...
Білім және ғылым министрлігі ішкі бақылау департаментінің директоры Анар Қайырбекова 10-сыныпта оқитын ұлы Олжас Әбжанды Мәскеуге оқуға аттандырады. Бірақ ерке-тотай ұл білімнің орнына «ащы сумен» дос болып, сайран салыпты. Мәскеуге бірге барған мұғалімі жеткізген осы хабардан не министрлік, не шенеунік нәтиже шығармады.
Бұл ащы суға дәнігіп, абыройынан айырылды. Ал одан зорғы қылмыс істеп, бірақ аты-заты құпия қалып жатқандар қаншама. Өйткені, олар – нашақорлар мен есірткі қабылдайтындар. Олар туралы біздің елде ақпарат ашық айтылмайды. Әсіресе, қалталы кісілер мен биліктегі шенділердің ұл-қызының ерсі қылығы тіптен құпия. Оған біз осы зерттеу материалды дайындаған кезде көз жеткіздік. Құзырлы орын да қаламға ілінетін мардымды ақпар бермейді.


Пайыз пайымдайды Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда еліміздегі есірткі тұтынушы саны 31,3 пайызға (49 795-тен 34 221-ге) азайған. Соның ішінде нашақор әйел саны – 36,2 пайызға (4087-ден 2607-ге), кәмелеттік жасқа толмаған нашақор саны – 77,3 пайызға (2939-дан 668-ге) қысқарған. Бұл санның қаншалықты шындыққа жанасатынын біз Астана әкімдігінің «Медициналық әлеуметтік оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Гауһар Бектаевадан білдік. Шағын сұхбатта дәрігер өзін толғандырған ойымен де бөлісті.
Жас қазақ: Гауһар Теміржанқызы, ІІМ таратқан ресми ақпарда еліміздегі нашақор саны азайғаны айтылған. Астанада қазір қанша нашақор бар?
Гауһар Теміржанқызы: 2015 жылдың 10 айлық есебін алсақ, 2 мыңнан астам есірткі қолданушы бар. Бірақ бұл сан былтырғыға қарағанда 20 пайызға кеміген. Бір қуанарлығы, қазір бізде есірткіге тәуелді жасөспірім жоқ. Негізі, нашақордың орташа жасы 25 пен 45-тің арасы. Есірткіге тәуелдінің ең жасы 20-да. Оның әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Бірақ бізді ол қызықтырмайды. Міндетіміз – науқасқа дер кезінде көмек беру ғана. Меніңше, нашақорлық пен маскүнемдік адамның әлеуметтік жағдайына қарамайды. Біздің орталық 215 адамға арналған. Емдеу, диагностика тегін. Емделудің «өз еркімен емделу» және «соттың шешімімен мәжбүрлі түрде емделу» деген екі түрі бар. Әрине, өз еркімен және туысының қолдауымен келетіндер саны басым. Өкінішке қарай, емделушінің көбі аурудың ауыр кезеңі қалыптасқан шақта наркологиялық көмекке жүгінеді. Науқас неғұрлым ертерек келсе, соғұрлым емделу жеңіл болады. Нашақорлық тек емделушінің ғана емес, оның отбасының да мәселесі. Нашақор өзінің туысы мен жақынын да бақытсыз етеді. Сондықтан да біздің орталықта есірткіге тәуелді адамды сауықтыру кезінде оның отбасымен психотерапиялық жұмыс істеуге көңіл аударылады. Емдік-диагностикалық үдеріс үш кезеңнен тұрады: біріншісі – уытсыздандыру, екіншісі – психотерапия және сауықтыру, үшіншісі амбулаториялық емдеу және бақылау. Екі кезеңнен өткен науқас әрі қарай диспансерлік бөлімде нарколог-дәрігердің бақылауында болады. Өз еркімен келгісі келмейтін науқастың туысы заңға сәйкес бас дәрігердің атына өтініш жазады. Өтінішке қарай, аумақтық ішкі істер бөліміне хабарлама жібереміз. Одан әрі науқасты бізге жеткізеді. Арнайы комиссия маманы диагноз қойып, емдеуге қатысты шешім щығарады.
Жас қазақ: Нашақорлар арасында әке-шешесі мемлекеттік қызметте (депутат, министр, әкім, шенеунік), бизнесте дөкей лауазым атқаратындары кездесе ме?
Гауһар Теміржанқызы: Әрине, кездеседі. Олар да адам ғой. Бірақ сізге аттарын атай алмаймын. Өйткені, нашақорлық кімнің баласы деп таңдамайды. Есірткіге тәуелділіктің өзіндік ықпалы бар. Неге бұл ауру біреуде бар, ал біреуде жоқ? Себебі нашақорлық психологиялық, медициналық және әлеуметтік ықпалдың әсерінен пайда болады. Біреудің ақшасы көп, оны жұмсайтын жері жоқ. Сосын есірткі сатушының көзіне түседі. Алғашында оған «Жәй дәмін татып көр!» – дейді. Екінші рет тағы береді. Сөйтіп, әлгі адам тәуелді болғанын білмей қалады. Атап айтатыным, есірткі затының әсері әртүрлі. Бірі – әлсіз, бірі тез әсер етеді. Күшті есірткі бір рет қолданғанда тәуелділік туғызуы мүмкін. Жас ағза наша әсеріне тез бейімделгіш, тәуелді болады. Мысалға, біреу бір рет есірткі шегіп, токсикалық әсерін сезініп, басы айналып, құсқысы келеді. Ондайлар қайтіп жоламайды. Ал екінші біреуге ұнап қалуы мүмкін. Кейбіреу туа бітті ерекшелігіне қарай нашақорлық жолына түсуі мүмкін.
Жас қазақ: Қазір қай есірткіні көп қолданады? Жаңа есірткінің қандай түрі шықты? Мысалы, героиннің орнын дәрі-дәрмек басып жатыр. Астанада есірткіге тәуелділікке апаратын дәрі неге еркін сатылуда?
Гауһар Теміржанқызы: Біз есірткінің атын атамаймыз. Қазір кім не шегемін десе, бәрін табады. Заманауи технология қатты жетілді. Ғаламтор-дүкен де көп. Нарықта сұраныс болғандықтан, тауар да жетерлік. Нашақорлыққа қарсы мемлекеттік деңгейде ауқымды күрес жүргізілуде. Мұндайда есірткіге тәуелді адам басқа жол іздейді. Соған әсері ұқсайтын дәріні сатып алады. Қазір есірткімен қатар, әсіресе жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін затты, стимулятор, ұйықтататын және седативтік затты, холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмекті, галлюциногендік әсері бар затты қолдану кеңінен орын алуда. Елорда дәріханасында заң жүзінде дәрігердің рецептімен сатылатын кейбір психобелсенді заттар рецептісіз сатылуда. Ақшаға құныққан ашкөз сатушы сол дәріні рецептісіз, бағаны өсіріп, өз бетімен сатып, бизнес көзіне айналдырған. Сатып алушы арасында жасөспірім бала да кездеседі. Меніңше, осы дәріні сатқан адамды қылмыскер ретінде жауапқа тарту керек.

Героинді дәрі алмастырды

Халық арасында «наркодиспансер» деп аталып кеткен мекемеден шығып, дәріхана араладық. Ондағы ойымыз – «шөпке» тәуелді ететін дәрі-дәрмектің сатылуын зерттеу. Әуелі С.Сейфуллин көшесіндегі «Айшам» деген әдемі маңдайшалығы бар дәріханаға кірдік. «Түнде ұйқыдан қалдым? Ұйықтататын және жүйкені тыныштандыратын дәрі бар ма?» – деп едім, сатушы қыз әуелі түріме күдікпен қарады. Содан соң «Ново-пассит, Персен-форте» деген дәріні қуана ұсынды. Біріншісі – 1500 теңге, екіншісі – 2400 теңге тұрады екен. Қымбат екенін айтып, бас тарттым. Сомнол мен трамадолды сұрап едім, ол бірден «жоқ» деп шошып кетті. Екінші аялдаған жерім Сарыарқа даңғылындағы «Альфа-мед» дәріханасы. Кассадағы сатушы қазақ қызы таңдайы тақылдап «Сомнол продаем по рецепту» – дейді. Персен, димедрол еркін сатылады екен. Кәнігі нашақор жақсы білетін көзге тамызатын цикломед пен тропикамид те елорда дәріханасында самсап тұр.
Әке-шешемді 15-20 минутқа көретінмін...
Мақаланың тақырыбын «Шенеуніктің баласы – нашақор» деп қойғандықтан, шын мәнісіндегі әкесі бастық, өзі нашақор кейіпкер іздедім. Табу оңай болмады. Бір таныс дәрігердің көмегімен Асланмен (есімі өзгертіліп алынды) жүздесудің сәті түсті.

Асланның әңгімесі

«Шөптің дәмін алғаш колледжде оқып жүргенімде таттым. Дене шынықтыру пәні өте «көңілді» өтетін. Жас мұғалім ағай ештеңе сезбейтін-ді. Соны пайдаланған топтағы екі бала «шөп» әкеліп жүрді. Әуелде қызық үшін тарттым. Көңілді, белсенді өмір сүруге көмектеседі екен. Кейін онсыз қиналатын күйге жеттім. Әкем (ол бір мемлекеттік мекемеде бастық) мен анам мемлекеттік қызметкер. Демалыс күндері де жұмысқа кететін. Шынын айтсам, оларды кей күндері 15-20 минутқа ғана көруші едім. Таңертең оятады. Кешкілік асқа шақыратын. Болды. Олар жұртқа масқара болудан қорқатын. Сөйтіп жүргенде, колледждегі досыммен полицияның құрығына түстік. Сонда да әкем (анам ағыл-тегіл жыласа да) іздеп келмеді. 2-3 ай емделген соң, үйдегілер мені шетелге оқуға жіберді. Программалаушы мамандығын алып, елге оралдым. Қазір есірткі қолданбаймын. Түпкілікті доғардым. Бір түсінгенім, дертке шалдыққан бетте маманға жүгінген жөн. Құпия түрде».

Осыдан бірер жыл бұрын биліктегі жоғары лауазымды шенеуніктің нашақор баласы ұсталды. Бірақ оның «тағдыры» туралы еш ақпар жоқ. Бәрі құпия. Ол атқамінердің баласы болғаны үшін атын ешкім атамады. Нашақорлыққа салынғаны үшін құзырлы орын да баспасөзге түсінік берген жоқ.
Төлен ТІЛЕУБАЙ
Астана

jasqazaq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста