Еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек беріле ме?
Мен сіздерден жүктілік пен босануға жумысқа жарамсыздық парағын беру тәртібі жайында сұрағым келген. Мен екі жұмыс орнында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда жүктілік мерзімім 30 апта. Тұрғылықты мекен жайым бойынша емханадан еңбекке жарамсыздық парағы екі жұмыс орнына бөлек бөлек беріле ме, әлде екі жұмыс орнына бір еңбекке жарамсыздық парағы беріліп, екі жұмыс орнының атауы жазылады ма?
Алма Сайлаубайқызы!
Алматы қаласы.
Сіздің өтінішіңізді мұқият қарап, заңгердің ҚР Еңбек туралы заңына сүйене отырып жауап берген келесі кеңесін назарыңызға ұсынамыз.
Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем (әрі қарай – әлеуметтік төлем) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады.
Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бір жұмыс орны бойынша беріледі, адамның басқа жұмыс орындарына медициналық ұйым басшысы бекіткен және медициналық ұйымның мөрі қойылған еңбекке уақытша жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.