ИШИМ-де секс жиһадта болған француз қызының әңгімесі

ИШИМ-де секс жиһадта болған француз қызының әңгімесі

Бүгінде әлемдік ірі дағдарысқа айналған әрі ұлық дінімізге қара күйе жағып, өздерін ислам мемлекетін құрушымыз деген ИШИМ радикалдарына соққы беру әсте мүмкін болмай тұр. Ал ең сорақысы, ғаламтор арқылы ИШИМ жауыздарына арбалған қаншама жастарымыздың тағдыры солардың ойыншығына айналуда. Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанды ұйықша тартып әкетіп жатқан ұйымның құрбандары өте көп. Сондай құрбандарының бірі, франциялық 21 жастағы келіншек өткен аптада ИШИМ-нің құрсауынан қашып, Түркияның Газиантеп аймағында қамауға алынған. Оның түрік ақпарат құралына берген сұхбаты ИШИМ- нің бетпердесін ашып, дүйім жұртты дүр сілкіндірді.

Өзін «Надя» деген бүркеншік есіммен таныстырып, ИШИМ-нің дінді желеу етіп, қыз- келіншектерді сатып алатынын айтқан келіншек «террорлық ұйымға мүше болған келіншектерді Сириядағы соғысқа қатысушы содырлардың жыныстық құмарлықтарын қанағаттандыру үшін пайдаланатынын» жеткізген. Бұдан басқа, франциялық келіншек аталған террорлық ұйымға қатысты көптеген шындықтың бетін ашып беріпті. ИШИМ-нің тұзағына ғаламтордағы түрлі желілер арқылы арбалып, ақыр соңында, көктемде Сирияның солтүстігіндегі «Ислам мемлекетінің» астанасы Раккаға аттанған ол «шариғат заңдары мүлтіксіз орындалатын аймақта өмір сүргісі келгенін, ақыр соңында осы тілегінің «кесір болып», әйел затына адам ретінде емес, мақұлық деп қарайтын, Ислам құндылықтары мүлдем сақталмаған хайуандардың ортасына тап болғанын» ашына айтқан. Бұдан бөлек, Надя бұның барлығын ИШИМ-нің тұзағына түсіп, көзсіз көбелектей отқа түскен жас қыздардың көздерін ашу мақсатында жария етіп отырғандығын мәлімдеді. ИШИМ мүшелерінің ғаламтор арқылы жөнелткен 1800 еуро көлеміндегі қаржыға 4 наурызда Франциядан Швейцарияға, ол жерден Түркияға жөнелтілген Надяны сол жерден белгісіз екеу қарсы алған. Одан әрі автобус арқылы Түркияның Шанлыурфа қаласына бет алған Надяны тағы да екі адам күтіп алыпты. Сосын жанындағы террористермен бірге тікен сымдар арқылы шекара асып, ИШИМ- нің сол уақытта қол астында болған Тель-Абьяд қаласына, кейін Ракка қаласына барған.

7 наурызда Ракка қаласына жеткен Надя өзі тектес бірнеше келіншекпен оңаша бір үйге қамалған. «Үйден шыққылары келсе, күйеуге тиюлері керектігі, әйтпесе сол қапаста өмір бойы қалатыны» туралы шарттарына сай Надя ИШИМ-ге мүше француздыққа тұрмысқа шыққан. Алайда Надя «отбасын құрған» күннің ертеңіне-ақ ажырасып, сөйтіп, екі француз әйелмен бірге тұра бастаған.

Ол жерде Ислам, Құран мүлдем жоқ

Француз қызы 3 ай бойы ИШИМ-нің қатаң тәртібінде қалай өмір сүргенін айтып: «Ол жерде жақындарыңды іздеуге, ғаламтор пайдалануға рұқсат жоқ, Құран, Ислам қағидаттары мүлдем ауызға да алынбайды, тек қана суық қару мен соғыс шарттарына дайын, өздерін тек соғысқа дайындаған бірыңғай форма киінген адамдар ғана болды. Олар өздерінің бұл істі тек Жаратқанның разылығы үшін жасап жатқандықтарын айтты. Алайда дінге сүйене отырып

бізді сатып алады. Олардың істері Ислам шарттарына мүлдем кереғар. Құранды да сирек оқиды. Көбісі Ислам дінін енді үйреніп жүргендер, бір жыл төңірегінде ғана қабылдап үлгергендер. ИШИМ-ге келген қыз-келіншектер содырлардың жыныстық құмарлықтарын басу үшін әкелінген. Олар бізді адам құрлы көрмейді, құдды бір базардан сатып алынған заттай қарайды. Қолдарына тілдей қағаз ұстап, «сарысы керек, қараторы болсын, жасы мынаншада болсын...» деген сияқты тізіммен келеді», — деп, ИШИМ-нен көрген-білгендерімен бөлісті.

Мыңдаған адамға ажал құштырып, жүздеген тұрғынды босқын етіп жіберген осы террорлық ұйымның салқыны бізге де тимей жатқан жоқ. Осы уақытқа дейін өздерін «жиһадшылармыз» деп санап, санасы уланған жүздеген отандастарымыз соғысқа аттанып жатқаны бәрімізді де алаңдатады. Ол жақта Надя сияқты алданып, тұзаққа түсіп қалып, енді Отанына орала алмай жүрген жастарымыз бар екенінде сөз жоқ. ИШИМ-нің тұзағына түсіп қалмаңыздар, бауырлар!

«Қазақстан Заман» газеті 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста