Итке ескерткіш қойылды

Итке ескерткіш қойылды

Жапонияда Хатико деген итке қойылған ескерткіш бар. Хатиконың иесіне адалдығына тәнті болған жапондар ол туралы фильм де түсіріп тастаған. Жұмыста жүріп көз жұмған иесін кеңсесінің алдында тоғыз жыл бойы күтіп, ақыры сол жерде жән тәсілім еткен Хатико туралы фильмді жүрегің болса, тебіренбей қарамау қиын.
Қазақта да Хатикоға бергісіз иттер бар. Ақтөбеде сондай иттердің біріне үш метр ескерткіш қойылды. Иттің аты — Беда. Әдетте «жаман иттің атын Бөрібасар қоятын» еді. Бұл жолы иесі жақсы итке «Беда» деп ат беріпті.
- Бедасы несі? — деп сұрадық.
-1987 -1989 жылдары Ауғанстанда әскери борышымды өтедім, осы уақытта болған ұрыстарға қатыстым. Ауған жерінде кинолог-жауынгерлерге неміс овчаркасы берілді. Маған берілген жеті айлық күшік үнемі асханадағы тамақтарға ұрланып ауыз салатын еді. Сол қылығына барап, «Беда» деп кеттім, — дейді иттің иесі Мерғали Қалдығұлов.
Бірақ Беда иесі үшін «беда» болмапты. Керісінше нағыз досқа айналған. Талай рет жауынгерлерді ажал аузынан алып қалған. Ұрыс даласына сарбаздардан бірінші жүгіріп кетіп, жарылғыш заттар іздейтін болыпты. Мина бар жерлерге жақындағанда шоқиып отыра кетеді екен. Сөйтіп, жарылғыш заттар бар жерге жауынгерлерді жақындатпайтын деп еске алады иесі.
Ал иесі ауырып қалғанда тіпті мазасы болмайтын болыпты.
-1989 жылы қатты жарақат алып, госпитальға түстім. Сонда менің кішкентай серігім екі апта бойы тамақ ішпей, құса болыпты. Мен жатқан аурухананың алдынан кетпей, есікке алаңдап, мені күтіп жүріпті. Итті аяған генерал бұлай жалғаса беретін болса, оның аштан, тіпті құсадан өлетінін айтып, оны жаныма алуға бұйырды. Әскери борышымды өтеп болғасын Беданы өзіммен бірге елге алып келдім, — дейді иесі.
Мұнда келген соң да Беда иесіне адал болды. Әскерилендірген күзет бөліміне жұмысқа оналасқан иесіне қолқанат болды. Талай рет ұрыны ұстауға көмектесті. Сөйткен адал дос 1969 жылы өліп қалды.
Беда туралы бұл оқиғаларды Мерғали Қалдығұловтың Ауған соғысына қатысқан интернационалист- жауынгер достары жақсы біледі. Олар Мерғалиге итке ескерткіш қою туралы ұсынысты өздері айтып, қолдау көрсеткен.
Ит ескерткіші Ақтөбе қаласының маңындағы Қызылжар ауылында қойылған. Биіктігі үш метр болатын ит мүсінін жергілікті мүсінші Төлеген Жақсыбаев жасаған.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста