Көріпкел Бақыт Жұматова Қазақстанның келешегі туралы не айтты?

Көріпкел Бақыт Жұматова Қазақстанның келешегі туралы не айтты?

Қазақстандық танымал көріпкел, «Экстрасенстер шайқасы» телешоуының финалисі Бақыт Жұматова Қазақстанды демографиялық өсім күтіп тұрғанын, алда ИЛИМ ұйымының тіршілігін тоқтататынын, Израиль мен Жапонияны су басатынын және еліміздің дамуында үлкен серпіліс болатынын болжайды.

Сәуегей RegTV.kz тілішілерінің өтінішімен алда не күтіп тұрғанын болжады. Көріпкелдің сөзіне сенсек, ол бар ақпаратты параллельді әлемнен алып отырады.

Жұматова Қазақстан дағдарыстан тек 2017 жылы ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін ғана шыға алатынын айтуда. Оның ойынша, бұл еліміздің беделін өсіріп, нәтижесінде әлемдік сайыстар мен олимпиадалар бізде өтетін болады.

Сәуегей көптеген өндіріс орындары 1941 жылдардағыдай Ресей мен Украинадан біздің елге көшетін болады және елімізге көптеген немістер келеді деп сенеді.

Жұматова ИЛИМ-нің күні санаулы екенін болжады.

«Бұл Аль-Каида емес, бұл тіпті діни құрылым да емес. Бұл мұнай аймақтарын, нақты айтқанда Ирак, Сирия жерлерін жаулап алып жатқан құрылым. Олардың келесі құрбандары Иран, Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы болмақ… Бұл орайда мен мұнайды сатуды меңзеп отырмын. Олар аймақтарды мұнай сату арқылы жаулап алуда. Жай ғана бәрін өлтіріп кете беру емес», – дейді көріпкел.

Ол ИЛИМ-нің болашақта әлемді жаулап алғанын көрмейтінін және олар Наполеон, Гитлердің қателігін қайталап отырғанын айтуда. Көріпкел ИЛИМ 2015-2016 жылдары жұмысын тоқтатады деген болжам жасады.

Сонымен қатар Жұматова ҰҚК өкілі Нұртай Абықайдың «ИЛИМ – бір ақылды адам басқарып отырған қойлардың отары» деген сөзіне келісетінін жасырмады.

Көріпкел болашақ әлемде тек Батыс Сібір мен Қазақстан аймағы қалып, қалғаны су астына кетеді деп болжады. Сол себепті бізге көп жапондықтар келіп, Ауғаныстан жерден ғайып болады екен. Израиль де жер бетінен жоғалып кетеді.

Жұматова Қазақстан дамудың серпілісін бастан кешіретініне сенімді.

«Тура үш жыл өтеді – 15, 16, 17. 2017 жылы Қазақстан АҚШ сияқты ауқатты болады. Бізде бүкіл әлем болады. Бүкіл әлем Қазақстанда болады – бұл керемет емес пе? Біздің жасырар түгіміз жоқ. Жеріміз де кең. Бәрі қызмет етіп, салық төлесін. Бұдан бізге еш зиян бола қоймайды», – деп мәлімдеді Жұматова.

Сөз соңында көріпкел қазақстандықтарға бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі.

ras.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста